Эльдрид Лунден

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эльдрид Лунден (норв. Eldrid Lunden; 1940жылы 5 қазанда, Нёустдал, Норвегия жерінде дүниеге келді) — норвегиялық модернші-ақын және жазушылық шеберлігінің профессоры. Норвегия тілінде жазады.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эльдрид Лунден 1940 жылы 5 қазанда Согн-ог-Фьюрандағы Нёустдал коммунасында дүниеге келген. Оның әкесі - Людвик Лунден (норв. Ludvik Lunden, 1897–1989) құрылыста жұмысшы болып, өзінің кішігірім шаруашылығымен айналысқан, ал анасы - Хильда Индреквам (норв. Hilda Indrekvam, 1901–1998) үй шаруасындағы адам болған. Эльдрид Лунден оқуын жалғастыру үшін үйінен 14 жасында кетіп қалады. Бірнеше жылдан кейін оқуымен жұмысын қатар алып жүріп, Восса қоғамдық гиназиясының аттестатын алып шыққан. Кейін Осло Университетінде оқып жүріп, Метеорология институтында метеорологтың көмекшісі болып қосымша табыс табады.

Университеттегі жылдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лунден Осло Университетінде «Солтүстік тілдер және әдебиет» мамандығы бойынша филолог магистрі дәрежесін алған. Оқып жүріп «Профиль» журналына негізделген «Профиль» тобына кіріп, әдебиет саласына тартыла бастаған. Оның жинағына кірген алғашқы өлеңдері 1966 жылы журналдың 4-ші санында шыққан. 1967-1968 жылдары ол журнал редакторының көмекшісі болған. Алайда 70 жылдары солшыл белсенділерінің келуіне байланысты журнал марксизмді үгіттеуге бағытталады, осыдан кейін Лунден журналдан кетіп қалады. 1973 жылы Эльдрид Лунден «Куда ушла Нора? Индивидуализм и женственность в трёх норвежских пьесах» диссертациясын жазған. Кейін ол 2004 жылы шыққан «Почему Норе пришлось уйти?» эссе жинағындағы жарияланады.

Ертеректегі шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эльдрид Лунденнің әдебиеттегі дебюті 1968 жылы болған. Оның алғашқы «f.eks. juli» (қазақша шілде) атты жинағы тематикалық жағынан да, стилистикалық жағынан да біркелкі болмаған. Жинаққа кірген өлеңдерде Норвегияның батыс жағалауының табиғаты, балалық шағындағы кезеңдері бейнеленген. Келесі шыққан кішігірім жинақтары, «Inneringa» ( Избегание), «hard, mjuk» (твёрдый, мягкий) және «Mammy, blue», оның ақындық талантының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді. Бұл кітаптары Норвегия поэзиясында жоғарғы дәрежеде көрінген. Осы өлеңдерінде жиі кездесетін элементтердің бірі – су, ол жаңбыр, тамшы , мұз, қар, теңіз немесе өзені ретінде кездесіп отырады. «Inneringa» жинағында ауылдық жердің жер бедерін адамның санасында жаңғырған табиғат көріністерімен ұштастыра суреттеп, жаңбырды өмірдің нәрі ретінде бейнелеген. Жинақ атауы жоқ қысқа ғана өлеңдерден тұратын бес бөлімге бөлінген. Ақындық стилі алғашқы жинағына қарағанды жатық, ритмикасы байсалды.

1980 жылдардағы шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990 жылдардағы шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылдардағы шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

БЕ-дағы жазушылық шеберліктің академиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Eldrid Lunden  (норв.). SNL. Тексерілді, 10 шілде 2011.
  • Eldrid Lunden Where shall we go the day we see  (ағыл.). Poetry International. — Видеозапись Эльдрид Лунден, читающей свои стихи, и текст английского перевода, выполненного Үлгі:Не переведено 3.. Тексерілді, 15 тамыз 2011.