Эльвира Әбілхасымқызы Азимова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Эльвира Әбілхасымқызы Азимова
Лауазымы
Ту
Ту
Конституциялық Сот Төрағасы
1 қаңтар 2023 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Әлихан Смайылов
Ізашары лауазым құрылды; Қайрат Мәми Конституциялық кеңес төрағасы ретінде
Ту
Ту
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі
Ту
Ту
18 қыркүйек 2022 — 27 қаңтар 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Ту
Ту
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Ту
Ту
2 қыркүйек 2019 — 1 қаңтар 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Асқар Мамин
Ізашары Асқар Шәкіров
Ізбасары Артур Ермекұлы Ластаев
Ту
Ту
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі
Ту
Ту
11 сәуір 2014 — 17 мамыр 2022
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Бақытжан Сағынтаев
Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Ту
Ту
Әділет министрінің орынбасары
Ту
Ту
2 қазан 2013 — қыркүйек 2019
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Серік Ахметов
Кәрім Мәсімов
Бақытжан Сағынтаев
Асқар Мамин
Ту
Ту
Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры
Ту
Ту
2010 — қазан 2013
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Серік Ахметов
Кәрім Мәсімов
Ту
Ту
Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілер және халықаралық құқық, мемлекеттік меншік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап қою жұмыстары департаментінің директоры
Ту
Ту
2005 — 2010
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Даниал Ахметов
Кәрім Мәсімов
Өмірбаяны
Білімі Халықаралық қазақ-түрік университеті (1996)
Дүниеге келуі 15 ақпан 1973 (1973-02-15) (51 жас)
Жамбыл қаласы
Әкесі Әбілхасым Нәхіпұлы Әзімов
Анасы Райхан Қашкеева
Марапаттары

Эльвира Әбілхасымқызы Азимова (15 ақпан 1973 жыл, Жамбыл қаласы) — қазақстандық саясаткер, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы.

Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша бітірген (1996).

Еңбек қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бастаған, онда Халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы, бас консультанты болып жұмыс істеді (1996-1999). Одан әрі Заңнама, халықаралық құқық және хаттама департаменттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1999-2005).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер және халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмысы департаменттерін басқарды (2005-2010).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры болып жұмыс істеді (2010-10.2013).

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары лауазымын атқарды (02.10.2013-09.2019).

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды (02.09.2019-31.12.2022).

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (18.09.2021) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды (17.05.2022).

2023 жылғы 1 қаңтардан Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Құрмет» (2013), II дәрежелі «Достық» ордендерімен (16.12.2021), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2012), медальдермен, I дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақ құруға қосқан үлесі үшін» (08.05.2015), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019) Халықаралық марапаттармен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]