Экономикалық дағдарыс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Экономикалық дағдарысдағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі.

Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық шаруашылығының барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2