Ылай
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ылай , лай – 1) мұхит, теңіз, көл, ағыны баяу өзен және жайылма айдындар түбінде жиылған, суға аса қаныққан және диагенез процестеріне шалынбаған аса ұсақ түйірлі тұнбалар. Гранулометр. құра-мы жөнінен ылай пелиттерге жатады. Жаралу жолдарына қарай теңіздік (мұхиттық) және құрлықтық болып ажыратылады. Теңіздік ылайдың глобигериндік, тереңсулық, птероподалық, диатомдық, радиоляриялық, жанартаулық, әктастық, құрлықтық ылайдың көлдік, өзендік түрлері болады; 2) тұрмыста көптен қолданылып келе жатқан қарапайым құрылыс материалдары. Мұндай ылай белгілі мөлшерде алынған саз бен ұсақ түйірлі құмның қоспасынан тұрады. Үйдің ішін, сыртын, дуалды, тағы басқа шаруашылық құрылыстарын сылауға қолданылады.
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энциклопедиясы, 9 т.