Шымыр батыр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Шымыр батыр, Шымыр ата (т.-ө. ж. б.) – Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан батыр, әулие.
Шежіре деректері бойынша Дулаттың кенже ұлы, шамамен Қазақ хандығының қалыптасып, нығаюы кезінде өмір сүрген. Талас, Шу өзендері өңірлерінде, Ташкент, Сайрамда билік жүргізіп, ұлұғ-бек (ұлы бек) атағына ие болған. Шымырдан шынқожа, бекболат, темірболат рулары тарайды.
Олардың ішінен ел мақтанышына айналған шешендер, билер, батырлар, датқалар, қоғам қайраткерлері (Қойгелді батыр, Байзақ датқа, Тұрар Рысқұлов, Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, тағы басқа) шықты. Шымыр батыр Ташкент қаласының маңында жерленген. Қабірінің басына 2000 ж. кесене тұрғызылды.[1]
Cілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |