Шоң Телғозыұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шоң Телғозыұлы (1828-1901), Арқа өңіріне есімі белгілі болған болыс. Руы Тоқа ішінде Сатыбалдыдан тарайтын Ерназар ұрпағы. Ақмола түбіндегі бастауыш мектепте орысша дәріс алған. Хангелді болысқа тілмаш болған. 1843 ж. Сібір қазақтарының (қырғыздарының) шеқаралық басқарма бастығына өтініш білдіріп, Ақмола дуанының ағасұлтаны Қонырқұлжа Құдаймендінің қарамағына хат-іс жүргізуші қызметіне қабыдданады 1857 жылында Қараағаш болысының басқарушысы болып сайланады. Осы қызметті отыз жылдан астам атқарады. Шоң мейлінше адал, әділ, жарлы-ақыбайға қамқорлығы мол болған адам. Ол патша үкіметінің де марапатына: құрмет шекпені (1859), Станислав ленталы күміс (1862) және алтын (1866) медальдары, Анна ленталы алтын медальға (1870), «Айрықша құрметті азамат» (1879) атағына ие болған. А. Жұмаділдиннің «Сен бұзылғанда» (1972) атты тарихи деректі повесінде Шоң және оның 1916 жылдың халық көтерілісін басқарған Оспан деген баласы жөнінде айтылады.[1]

Халқының ақылгөйі болған Шоң Телғозыұлы  адамның ала жібін аттамай, адалдыққа қиянат жасамаған, билікте жүргенде «Тура биде туған жоқ, бұрған биде иман жоқ» деген қағидамен өмір сүрген екен.

Шоң мырза орта жүздің ішіндегі Арғын-Қуандықтан тараған, қазақтың талай жақсы-жайсаңдары шыққан, өскен, өркен жайған белді рулардың бірі Алтай-Қарпықтың тоқа руынан шыққан. Уақытында Алтай-Қарпықтың жақсы-жайсаңдары бас қосып, келелі мәселелер талқылағанда көп жағдайда ақырғы сөзді Шоңкең айтып, сол кісінің тұжырымы өтеді екен. Өйткені, Шоңкең ешкімнің байлығына, батырлығына, немесе атағына қарамай, істің әділін айтып, дұрыстығына қарап шешетін болған.

Алтай-Қарпықтың ұрпақтары Қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа, Нұра аудандарының, бұрынғы Ақмола облысының Теңіз ауданында және Қарағанды қаласында шоғырланған.

Телғозының Шоңы уақытында 40-50 жыл болыстық қызмет атқарып, Ақмола уезінің жер комитетінің төрағасы болып қызмет істеген уақытында адалдықты ту қылып көтерген адам екенін Шоңкең өмір сүрген, Шоңкең қоныстанған, жұмыс істеп, туып-өскен елінде тұратын сол елдің көзі көрген батагөй қариялары жыр қылып айтып өтсе, олардан естігенін кейінгі жастары да осы уақытқа дейін еске алып отырады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5