Шошқакөл (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шошқакөл
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі458,5 м
Өлшемі8,5 × 6,7 км
Ауданы32 км²
Тереңдігі9 м
Орташа тереңдігі1 м
Су алабы
Суды жинау ауданы360 км²
Орналасуы
49°16′10″ с. е. 70°48′50″ ш. б. / 49.26944° с. е. 70.81389° ш. б. / 49.26944; 70.81389 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°16′10″ с. е. 70°48′50″ ш. б. / 49.26944° с. е. 70.81389° ш. б. / 49.26944; 70.81389 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АудандарНұра ауданы, Жаңаарқа ауданы
Шошқакөл (көл) (Қазақстан)
Шошқакөл
Шошқакөл (көл) (Қарағанды облысы)
Шошқакөл
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).
 Басқа мағыналар үшін Шошқакөл деген бетті қараңыз.

Шошқакөлағынсыз көл.

Географиялық орны[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды облысының Нұра және Жаңаарқа аудандары жерінде. Айнабұлақ ауылынан солтүстік-батыста 4 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 458,5 м.

Аумағы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданы 32,0 км2, ұзындығы 8,5 км, ең енді жері 6,7 км. Су жиналатын алабы 360 км2, ең терең жері 9 м. Нұраның сол салалары – Соналы және Құланөтпес өзендері алаптарының суайрығында.

Гидрографикасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жағасы жатық, жағалауына изен, бозжусан жайылған. Жауын-шашын суымен толығады, суы ащы. Соңғы жылдары көл суы тартылып келеді, саяз сулы бөліктерін қамыс, құрақ басқан, ауданы 1600 га. Оңтүстікке таман Аралтөбе аралы орналасқан.

Өсімдігі, жануарлары[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көл жағасында жыңғыл, қамыс-құрақ, сөран өседі. Үйрек, қаз, аққу ұя салады, кезінде қамыс арасында қабан (жабайы шошқа) мекендеген. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады.[1][2]

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5