Шаян (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шаян өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 138 км
Су алабының
ауданы
1500 км²
Су алабы Арыс өзені
Су ағысы
Бастауы Қаратау жотасы
 • Координаттары 43°14′16″ с. е. 69°53′50″ ш. б. / 43.23778° с. е. 69.89722° ш. б. / 43.23778; 69.89722 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Түркістан каналына жетпей тартылып қалады
 • Координаттары 42°47′46″ с. е. 68°35′35″ ш. б. / 42.79611° с. е. 68.59306° ш. б. / 42.79611; 68.59306 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°47′46″ с. е. 68°35′35″ ш. б. / 42.79611° с. е. 68.59306° ш. б. / 42.79611; 68.59306 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандары

ШаянАрыс алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түркістан облысы Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандары аумағынан ағады.

Қаратау жотасынан басталып, Түркістан каналына жетпей тартылып қалады. Таңатар, Шаян, Төрткүл ауылдары жанынан ағып өтеді. Одан кейін Бөген су қоймасынан тартылған арық арқылы қайтадан салаланып ағады. Төрткүл ауылы маңында суы жүзім, мақта, т.б. дәнді-дақылдар егуге кеңінен пайдаланылады.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұзындығы 138 км, су жиналу алқабы 1500 км2. Аңғары таулық сипатта, арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен коректенеді. Әрқайсысының ұзындығы 10 км шамасында 90 саласы бар. Көктемде қатты ағын болып, кейде тамызда бір-екі апта иірімдерге бөлініп қалады. Көп жылдық орташа су шығыны Майбұлақ ауылы тұсында 1,93 м3/сек. Археология деректер Шаян өзені алқабын адам баласы палеолит дәуірінен бастап мекен етіп келе жатқандығын айқындап берді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2