Шарль-Жильбер Ромм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Шарль-Жильбер Ромм.

Шарль Жильбер Ромм (фр. Charles-Gilbert Romme; 26. 3. 1750, Рьом,— 17. 6. 1795, Париж) — Ұлы француз революциясының қайраткері, якобинші, математик, атақты математик және Корольдік Ғылым Академиясының мүшесі Николь-Шарль Роммның (1744—1805) ағайыны.

1779 жыл1786 жылы Ресейде тұрды. Революциялық басталысымен Франциядағы феодалды-клерикалдық элементтерге қарсы белсене күресті. 1791 жылы Заң шығарушы жиналысқа, 1792 жылы Конвентке мүше болып сайланды. Робеспьершілдерді солшылдық позициядан сынаған Ромм 9 термидордағы (1794 жылы 27 шілдедегі) төңкеріске әуелі тілектестікпен қарады, кейін оның халық мүддесіне қарсы контрреволюцияшылдық сипатын түсінді де, Конвенттегі азғана якобиншілер тобымен бірге контрреволюцияға қарсы күресті. Прериаль көтерілісі (1795 жыл) жеңілген соң, өлім жазасына кесілген Ромм өзін-өзі өлтірді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том