Чезаре Павезе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Павезе Чезаре

Өмірі мен шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Чезаре Павезе - (итал. Cesare Pavese, 9 қыркүйек 1908, Санто-Стефано-Бельбо, Пьемонт — 26 тамыз 1950, Турин) — әлемге әйгілі итальяндық жазушы және аудармашы. Турин университетінде ағылшын әдебиетін оқыған, Уитмен шығармашылығы бойынша диплом қорғаған. Америкалық әдебиеті туралы мақала жазған, Дефо, Диккенса, Мелвилла, Джойса, Ш. Андерсона, Г. Стайн, Фолкнера, Дос Пассосаны аударған. 1932-1935 жылдары отбасының айтуымен фашисттік партияға кірген, дегенмен антифашисттік жұмыстар жүргізген. 1935 жылы тұтқындалған, партиядан шығарылған, сегіз айға Калибрияға айдалған. Соғыс кезінде әскерге шақырылған, ауыр демікпесі үшін ауруханада жарты жылдай өткізген, ол жарамсыз деп танылған. Соғыстан кейін Итальяндық коммунист партиясына кірген, «Унита» газетінде қызмет істеген. Римде, Миланда, Туринде тұрған, «Эйнауди» баспасында жұмыс істеген. Американдық киноактрисасы Констанс Доулингті сүйіп, махаббат азабынан ажырасқан(ол соғыстан кейін Италияда бірнеше жыл өмір сүрген және итальяндық кинога түскен). 1950 жылдың 26 тамызында туриндық «Рома» атты қонақ үйінде шамадан тыс ұйықтататын дәрі ішіп, өзіне қол жұмсаған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://adebiportal.kz/authors/paveze-chezare/ Мұрағатталған 2 шілденің 2014 жылы.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]