Хинди-урду

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хинди-урду (Хиндустани)
हिन्दुस्तानी   •   Үлгі:Nastaliq

Елдер

Үндістан, Пәкістан, Фиджи, Гайана, Малайзия, Суринам, Тринидад және Тобаго
Сөйлеушілер саны 490 млн (2006)[1]: 1-ші тіл 240 млн[2], 2-ші тіл — 165 млн[3]
Лингвистикалық
класификация

Үндіеуропа тілдері

Тілдер коды
ISO 639-1:

hi, ur

ISO 639-2:

hin, urd

ISO 639-3:

hin, urd, hif (Фиджи), hns (Кариб теңізінің алабы)

Хинди-урду тілдері немесе Хиндустани (हिन्दुस्तानी, ہندوستانی, ɦɪ̃n̪d̪ʊsˈt̪aːni, тікелей аударма «үндістан тілі»[4], сонымен қатар тарихи хиндави, урду және рекхта) — батыс хинди тілінің кластерінің бөлімі болып табылатын идиомдар тобының ортақ атауы. Бұл идиомдар солтүстік Үндістанның, Пәкістанның және тағы басқа елдердің лингва франкасы болып табылады[5][6]. Бұл Делидің кхари-боли диалектіне негізделген және парсы, араб, санскрит және түрік лексикасының әсерлерімен қалыптасқан үндіарий тілі[7][8]. Бұл тілдің үнді нұсқасының аты хинди, ал пәкістандағы нұсқасы — урду деп аталады[9].

Хинди тілі, урду тілі және хинди-урду тілдерінің сөйлеу стилдерінің айырмашылықтары өте аз[10], дегенмен, әдеби, ғылыми және техникалық лексикалары өзгешеленген: урдуда парсы тілінің әсері, ал хиндида санскриттің әсері сақталған[11][12]. Британ Үндістанның бөлінуіне дейін «хиндустани», «урду» және «хинди» сөздері синоним болып саналатын[13]. Хиндустани терминымен Үндістанның және Пәкістанның лингва франкасын және фиджи хиндустани және кариб хиндустани тілдері аталады.

Сөйлеушілер саны бойынша әлемде екінші (кей мәліметтер бойынша үшінші) тіл болып табылады (қытай тілі және мүмкін ағылшын тілінен кейін)[14].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BBC: A Guide to Urdu
  2. Хинди: 180 млн. (1991). Урду: 48 млн Үндістанда (1997) + 11 млн Пәкістанда (1993). Ethnologue, 16-шы басылым.
  3. 120 млн хинди (1999), 45 млн урду (1999). Ethnologue 16-шы басылым.
  4. About Hindi-Urdu. North Carolina State University. Тексерілді, 2009–08–09.
  5. Mohammad Tahsin Siddiqi (1994), Hindustani-English code-mixing in modern literary texts, University of Wisconsin, http://books.google.com/?id=vnrTAAAAMAAJ 
  6. Lydia Mihelič Pulsipher, Alex Pulsipher, Holly M. Hapke (2005), World Regional Geography: Global Patterns, Local Lives, Macmillan, ISBN 0-7167-1904-5, http://books.google.com/?id=WfNaSNNAppQC 
  7. Michael Huxley (editor) (1935), The Geographical magazine, Volume 2, Geographical Press, http://books.google.com/?id=Z1xOAAAAIAAJ 
  8. Great Britain, Royal Society of Arts (1948), Journal of the Royal Society of Arts, Volume 97, http://books.google.com/?id=fx_SAAAAMAAJ 
  9. Robert E. Nunley, Severin M. Roberts, George W. Wubrick, Daniel L. Roy (1999), The Cultural Landscape an Introduction to Human Geography, Prentice Hall, ISBN 0-13-080180-1, http://books.google.com/?id=7wQAOGMJOqIC 
  10. Urdu language — Britannica Online Encyclopedia. Britannica.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 маусым 2013. Тексерілді, 18 желтоқсан 2011.
  11. Hindi by Yamuna Kachru
  12. Students' Britannica: India: Select essays by Dale Hoiberg, Indu Ramchandani page 175
  13. "Hindustani B2". Oxford English Dictionary. Oxford University Press. 2nd ed. 1989.
  14. The World’s Most Widely Spoken Languages Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2011 жылы.