Хасан бин Бекқұнды — шибандықАлтын Ордаханы. 1368 жылдан билік еткен. 1368 жылы МамайБерке СарайдағыАбдулла ханды тастап Қырымға аттанды. Оның мақсаты өзіне қарсы шыққан Қажы Черкесты жаныштау болатын. Абдулла ел астанасын қорғап тұра алмады. Көп ұзамай қала Ұлыжай Темірге өтті. Бірақ 1368 жылы қаланы Мір Болат ханның жиені шибандық Хасан басып алды.
Хасан хан хандықты ұзақ басқара алмады — 1369 жылы оны әмір Мамай Берке Сарайдан қуып шықты. Астанаға шабуыл кезінде қаза болған. Таққа қайтадан Абдулла отырды.
Кейбір авторлар Хасан ханды Еділ Бұлғарииясының билеушісі Асанмен шатастырады. Асанды Әзіз Шейх хан тағайындаған болатын. Алайда А. В. Пачкалов Шибандық Хасан мен Бұлғарлық Асанның (Исаи) мүлдем екі бөлек қайраткер екенін сенімді түрде дәлелдеп берді.