2021 жылғы Қазақстан кубогының финалы 28 қарашада "Астана Арена" стадионында өтіп, "Қайрат" және "Шахтер" командалары кездесті.
Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Қосымша тайдарда қарсыластар бір-бір голдан соқты. Осылай матч 3:3 есебімен мәресінен жетіп, жеңімпаз пнальтилер арқылы анықталды. Есеп 9:8 боп тұрған кезде қарағандылық Абылайхан Назымхановтың соққысын қайраттықтардың қақпашысы Стас Покатилов қақпаға дарытпады.