Фрэнк Ллойд Райт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Фрэнк Ллойд Райт
Frank Lloyd Wright
Жалпы мағлұматтар
Азаматтығы

 АҚШ

Туған күні

8 маусым 1867 (1867-06-08)

Туған жері

Ричленд-Сентер, Висконсин, АҚШ

Қайтыс болған күні

9 сәуір 1959 (1959-04-09) (91 жас)

Қайтыс болған жері

Финикс

Жұмысы мен жетістіктері
Білімі

Мадисондағы Висконсин университеті

Сәулет стилі

органикалық архитектура

Қолтаңбасы

Фрэнк Ллойд Райт Ортаққорда

Фрэнк Ллойд Райт (ағылш. Frank Lloyd Wright; 8 маусым 1869 жыл, Висконсин Ричленд-Сентер қаласы — 9 сәуір 1959 жыл, Аризона Финикс қаласы) — америкалық архитектор, органикалық архитектураның негізін салушы.

Арнайы кәсіби білім алмаған. Архитектор Дж.Л. Силсби мен Л.Салливеннің шәкірті. Оның алғашқы туындыларына (Чикагодағы Чарнли және Робидің, Хайленд-Парктегі Уиллитстің үйлері) романтикалық серпін аңғарылады. Ол архитектураны пошымды табиғатпен шебер сындастыра отырып қолданды (Буффалодағы “Ларкин” фирмасының үйі, 1905; Токиодағы “Импириал” қонақ үйі, 1916 — 22). 1910 ж. Берлинде өткізілген Райт жобаларының көрмесі еуропалық архитектураның өркендеуіне игі әсер етті. Архитектор шығармалары көпке дейін АҚШ-та бағаланбай келді. Райт функционализм қағидасына айналған тік бұрыштылыққа доғал немесе спираль іспетті үлгіні (Нью-Йорктегі Гуггенхейм музейінің ғимараты, 1956 — 59) қарсы қойды. Сәулет өнеріндегі рационализмнің негізін салушылардың бірі. Райт гуманизмі әлеум.-филос. бағытта, алдымен жеке адамға қоғам әперген бостандықтан гөрі оның қоғамнан дербес бостандықта болуын уағыздайтын, жеке басылық еркіндікпен үндес болды. Райттың шығармалары 20 ғ-дағы архитектураның қалыптасуы мен дамуына зор ықпал жасады. [1][2][3][4]


Соломон Р. Гуггенхайм Мұражайы, Нью Йорк (1959) Райттың Прайс Мұнарасы, Бартлесвиль, Оклахома «Империал» қонақ үйі, Токио (1923)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақша энциклопедия 7 том"
  2. Будущее архитектуры, М., 1960.
  3. Гольдштейн А.Ф., Фрэнк Ллойд Райт, М., 1973
  4. Фрэнк Ллойд Райт – Джорджия О. ’Киф, М., 2004.