Флажолет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ФЛАЖОЛЕТ (франц. flageolet, көне франц. flageol — кішірейтілген флейта) — 1) үрлемелі көне музыкалық аспап; флейтаның бір түрі. Флажолет жеке орындауда және шағын ансамбльдерде қолданылған. 18 — 19 ғасырларда Флажолеттің жетілдірілген түрі опера мен симфония оркестрде пайдаланылды. 19 ғасырда Флажолеттің Жювиньи жасаған (Париж, 1851 жылы) түрі кең тараған. 2) Ысқырық тембрдегі дыбысы Флажолет көбіне ысқымен ойналатын (скрипка) музыка аспапта қолданылады, ал шертпелі аспапта сирек пайдаланылады. 3) Кіші флейта 18 ғасырға дейін Флажолет деп аталған.[1] [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 IX том