Ферромагнетизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ферромагнетизм — заттардың магнит өрісінде жаңадан магниттелу және магнит өрісі жоғалғаннан кейін де осы қасиетінің жұрнағын сақтап қалу қабілеті.

Ферромагниттерге негізінен темір тобына жататын элементтер (Fe, Со, Ni) және бұлардың көптеген қосылыстары мен қоспалары жатады; табиғи минералдар ішіндегі байырғы ферромагниттер — магнетит, титаномагнетит, маггемит, пирротин, гематит, ильменит және т.б. Магнетиктердің ерекше түрі (класы) сыртқы магнит өрісі жоқ кездің өзінде магниттелуге бейім заттар құрады екен. Өздерінің анағұрлым көп байқалған өкілі — темірге байланысты — олар ферромагниттер деп аталды. Олардың қатарына темір, никель, кобальт, гадолиний, олардың қортпалары мен қоспалары, сондай-ақ ферромагнитті емес элементтері бар қортпалары мен марганец пен хромның кейбір қоспалары жатады (мысалы, MnAlCu, СгТе және т. б.). Соңғы кезде ферриттер деп аталатын ферромагниттік жартылай өткізгіштер үлкен роль атқарып келеді. Осы заттардың бәріне тән ферромагнетизм тек кристалды күйде ғана байқалады. Ферромагниттер күшті магннттелетін заттар болып саналады — олардың магниттелуі нашар магннттелетін заттардың категориясына жататын диа- және парамагнетиктердің магниттелуінен көптеген (1010-ға дейін) сан есе артық.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Жалпы физика курсы, II том. Электр. Савельев И. В.«Наука» баспасы, физика-математика әдебиетінің бас редакциясы М., 1970 ж. ИБ № 618