Уильям Миллер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Уильям Миллер (1782-1849) - Америка армиясының бұрынғы капитаны, қоғам қайраткері және адвентизм діни протестанттық қозғалыстың қалаушысы.

Деист пен масон бола тұра, Миллер баптистарға қосылып, уағыздаушы болуға лицензия алады.1845 жылы қызметінен босатылғаннан кейін, ол миллеризм атты діни протестанттық қозғалыстың көшбасшысы болады.

Уильям Миллер 1782 жылы Массачусетс штатындағы Питтсфилдте методистер отбасында дүниеге келеді. Ол он алты баланың ең үлкені болды. Ол мектепте бастауыш бағдарламасын ғана оқыса да, өзге кітаптарды оқу арқылы өз білімін толықтырып отырды. Ол терең діндік атмосферада өскен болатын, алайда, жасөспірім болған кезде өз жолымен кетті. Одан кейін, ол скептикке айналып, өзінің жақындарының Құдайға құлшылығын мазаққа айналдырды. Жиырма екі жас аралығында үйленген ол, Вермонт штатындағы Полтниға көшеді. Ал отызға толған кезде, ол бар құштарлығымен Библияны зерттеп, христиан дініне жүгінеді. Библияны зерттей отырып, ол өз назарын ақыр заманға аударады, яғни Христостың екінші рет пайда болуына. Ол Библиядағы сиқырлы тақпақтардың ақыр заманның болатын күнін анықтауға көмектесетініне сенеді.

Христостың қайтып келуін дәлелдейтін айғақтарды табу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Библияны терең зерттеген сайын, Уильям Миллер ақыр заманның жақын арада келетініне сенімді болды.

Барлық заман белгілері мен қазіргі әлемнің жағдайын салыстыра отырып және әрине, Пайғамбардың ақыр заманды қалай сипаттағанына қарай отырып, мен жақында Христостың қайтып келетініне көзім жетті.

Алайда, Миллер үшін бұл айғақтар жеткілікті болған жоқ. Пайғамбардың өлеңдерін толықтай зерттей отырып, ол, Христостың қайтып келетін күнін анықтағанын айтқан болатын. Бұған дәлел ретінде, Уильям Миллер Даниил пайғамбардың ескірген кітабындағы зерттеулерін көрсетті.

1818 жылы бұл жазбаларды екі жыл зерттегеннен кейін, мен ақыр заманның шамамен жиырма бес жылдан кейін келетінін жарияладым.

Бұл жаңалық Миллерге ғажайып болып көрінді, сондықтан да ол оны құпияда сақтай алмады.

Біріншіден, бұл жаңалықты білген соң, мен өзімнің адамзат алдындағы парызымды ойладым. Егер ақыр заман жуық арада болатын болса, бұны барша адамзат білуі тиіс.

Миллер христиандардан үлкен қолдауды күткен болатын, алайда ол былай деп жазды: "Бұл жаңалықтың дұрыстығын дәлелдейтін айғақтар көп болса да, мені тыңдаған адамның саны аз болды."

Уағыздаушы қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1833 жылы Миллер ресми түрде Хэмптондағы биптистік шіркеуде қызмет етіп, өз аймағында белсенді дінді үгіттеді. 1835 жылдан бастап адамдар оның сөздерін бұрынғыдай жоққа шығарған жоқ, сондықтан да ол "Мен адамдардың жүректерін толтырғанша, Құдай оларды тезірек аша алады" деген кітабын бастырды. Ол көптеген кездесулерді өткізген. Көбінесе бұндай кездесулерде, Миллер Библия туралы өзінің көзқарасын және адамдарды таңқалдырып, жылататын ақыр заман туралы дәлелдерді айтқан болатын. 1839 жылы Миллер: "Өзгерістер барлық жерде болды. Менің жұмысым алға басты. Адамдар менің сөзіме сеніп, дайындала бастады." 1839 жылы Миллер өзіне Джошуа Хаймс атты танымал әрі дарынды публицисті және өзіне адал серік болған жолдасты тапты. Ол Миллердің баспасымен айналысты, яғни, жаңа қозғалыстың қатысушысы болды. Хаймстың басшылығында, әлемнің түкпір-түкпіріне тараған, әртүрлі брошюралар, кітаптар мен буклеттер басылған болатын. Осыдан Хаймстың Миллердің жобасында әкелген пайдасы өте үлкен болғанын айтуға болады. Ал Миллердің өзі бірнеше жылдан кейін Хаймстың қолында қайтыс болған.

Ақыр заман жақындаған сайын, адамдар арасындағы шабыт күшейе түсті. Жаңа жыл қарсанында Миллер шабыттандыратын сөз сөйлеген болатын. Ол жерде, ол бұл шайтан билігіндегі жыл - адамдар үшін соңғы жыл екенін жария етті.

Осы қасиетті жылда тұтқындардың бәрі де босатылатын болады, ал түрменің есігі ашық болады, өлім болса бізге өз билігін жүргезе алмайтын болады. Сондықтан да мәңгі өмір - біз үшін құдіретті сыйлық. Бұл құдіретті жылда, жеңістің дыбысы естілетін болады... Осы жылда! Барлық жалдың ішіндегі ең қасиетті жыл, көптен күткен жыл! Ол жақын арада келеді!

1844 жылды күту және "Ұлы қателік"

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Адвентистердің қозғалысы күшейе түсті, алайда 1843 жыл келгенде Христос қайтып келген жоқ. Миллер үлкен абыржуға түсіп, зерттеулерін қайта бастады. Одан кейін қасиетті күнді 1844 жылдың күн мен түннің теңесетін күніне ауыстырды. Е.Уайттың сөздері бойынша:

Бұл күнді асыға күткен адамдар түнекте қалған жоқ... Олардың назары қайтадан Библияға аударылды. Сонда Құдай олардың қатесін көрсетті. Олар пайғамбардың тізбегі 1844 жылға дейін ауысатынын білді.

Бірақ күтілген екінші оқиға да болған жоқ. Миллер және оның жақтастары үлкен депрессияға ұшырады. Алайда адвентизм қозғалысы онымен тоқталған жоқ. Аввакум пайғамбардың "Өзінің жазған күндерінді басқа оқыған адам түсінетіндей сақтап қой, себебі, бұл күннің де іске асатын күні бар, бірақ қазір ол кешіктіруде" және он қыз туралы "Күйеу сәл кешігіп еді, бәрі қалғып кетіп, ұйықтап қалды" деген деректерді айғақ ретінде келтіре отырып, олар бұл күннің кешігуін түсіндірді.

1844 жылдың жазында қасиетті күн күзге ауыстырылды, яғни яһудилардың "Тазару күніне" ауыстырылды. Бұл кезең бар әлемді аралап, тарихта "Түн ортасындағы айғай" ретінде сақталған. Біраз ойланғаннан кейін, Миллер протестанттарға қайтадан қосылды.

Мен екі рет қателестім. Екі рет көңілім қалды. Бірақ менің жанымның тыныштығы жауларымнан қоршаулы. Христаның қайтып келетініне деген үмітім әлі сөнген жоқ.

Көрсетілген уақыт келді, алайда ақыр заман келген жоқ. Бұл кезең "Ұлы қате кезеңі" деп аталып кеткен. Осы оқиғадан кейін адвентистердің жартысы тарап кетті, ал қалған бөлігі Миллердің қатесін табуға тырысты.

Ең соңында, Миллер өз қатесін мойындап, енді қасиетті күннің келетін мезгілін анықтамауға тырысты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D1%80,_%D0%A3%D0%B8%D0%BB%D1%8C%D1%8F%D0%BC_(%D0%BF%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%B2%D0%B5%D0%B4%D0%BD%D0%B8%D0%BA)