Төрешов Орынбек
Төрешов Орынбек (30 Сәуір 1930 жылы туған, Қармақшы кенті) – агроном, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1965).
Қысқаша өмірбаяны:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1950 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (ҚазҰАУ) бітірген.
1950 – 1951 жылдары Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінде бас агроном.
1951 – 1955 жылдары Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант.
1955 – 1959 жылдары осы институтта ғылыми қызметкер.
1959 – 1964 жылдары диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы.
1964 – 1970 жылдары суармалы егіс лабораториясының меңгерушісі.
1970 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының В.Г.Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
110-нан астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография бар. Медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |