Төреханов Айбын
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Төреханов Айбын Әдепханұлы (25 маусымда 1963 жылы туған, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (2006).
Оқуы:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мәскеу қаласындағы К.Скрябин атындағы ветеринарлық академияны (1986);
- Бүкілодақтық мал шаруашылық ғылыми-зертханалық институтының аспирантурасын (1992);
- Талдықорған қаласындағы Жетісу экономикалық институтын (1999) бітірген.
Қызметі:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1986 – 1997 жылы Алматы облысы Талдықорған ауыл шаруашылық ғылыми-зертханалық институты директорының орынбасары;
- Талдықорған агроөнеркәсіптік кешені ғылыми-зертханалық орталығының төрағасы;
- Талдықорған ауданы әкімінің орынбасары;
- 1999 – 2004 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық институтының стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті директорының орынбасары;
- 2001 – 2004 жылы Астана қаласындағы “Асыл түлік” акционерлік қоғамының төрағасы, 2004 жылдан Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің “Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми өндірістік орталығының” директоры.
Жетістіктері:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі ғылыми жұмысы мал өнімділігін биотехнологиялық жолмен жақсарту, жергілікті малдардың гендік қорын сақтау және оларды көбейту, табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланудың негіздерін құруға арналған. Төреханов Айбын жаңадан шығарылған сүт бағытындағы “Ақ ырыс” қоңыр сиыр сүлесінің, қазақтың етті ақбас сиыры тұқымының Зенит-Чубатый, әулиекөл тұқымының Табакур аталық із топтарының және жоңышқаның “Балауса” жаңа сорты авторларының бірі. Төреханов Айбынның 170-тен астам ғылыми еңбектері, 15 ғылыми әдістемелері мен ұсыныстары, 4 монографиясы, 3 оқулығы жарық көрді.[1]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |