Тәттіғали Қожанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тәттіғали Қожанов (1893, бұрынғы Орал губерниясы Жымпиты уезі Қаратөбе ауылы1941) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны.

1921 жылы Саратов қаласы түбіндегі Мариинское орта ауыл шаруашылығы училещесін бітірген. 1921 – 28 жылдары Орал губерниясының Орал және Қаратөбе аудандарында уәкіл, учаскелік агроном, Жымпиты уездік атқару комитетінің төрағасы, губерниясы жер бөлімінің меңгерушісі болды. 1928 – 30 жылдары Семей округі жер басқармасының меңгерушісі, округтік комитет бюросының мүшесі, 1930 – 37 жылдары Мемлекеттік жер тресінің директоры, Қазақ АКСР-іЖер халық комиссариаты алқасының мүшесі, Алматы облысы жер бөлімінің меңгерушісі, облысы атқару к-тінің төрағасы, 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың тамызына дейін Қазақ КСР-і егін шаруашылығы халық комиссары, 1938 – 39 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 1939 жылы наурызда тұтқындалды. 1941 жылы сәуірде 8 жылға сотталып, Магадан облысында қайтыс болды. 1957 жылы қаңтарда ақталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том