Тұқытәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тұқытәрізділер (лат. Cyprіnіformes) — нағыз сүйекті балықтар отряды.


Бор кезеңінен белгілі. Тұқытәрізділер Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азия, Африка және Аустралия мен Мадагаскар суларын мекендейді. Дене мөлшері 5 см-ден 1,7 м-ге дейін жетеді. Басқа отряд өкілдерінен айырмашылығы – “еламан” сүйегі – Веберов аппараты (Тұқытәрізділердің торсылдағын ішкі құлаққа жалғастыратын сүйекшелер жүйесі) болады. 3- және 4-омыртқалары өспей қалған. Бұлар ашықторсылдақтылар – торсылдағы ішекпен жалғасқан. Денесін циклоидты қабыршақ жапқан (араларында жалаңаш не сүйекті тікенектермен жабылған түрлері де кездеседі).

Тұқытәрізділер 3 отряд тармағына:

  1. харакцинотектестер (16 тұқымдасты);
  2. гимнототектестер (4 тұқымдасты);
  3. тұқытектестер (6 тұқымдасты) біріктіреді.

Қазақстанда тұқытектестердің (Cyprnoіdeі) өкілдері кездеседі, олар негізінен тұщы суларда тіршілік етеді. Бұлардың жақтарында (астыңғы-үстіңгі) тістері болмайды, оның есесіне желбезек доғаларының соңғысы (5-сі) шайнайтын жұтқыншақ тісіне айналған. Торсылдағы 2 немесе онан да көп бөлімшелерден тұрады. Отряд тармағының 6 тұқымдасының 1800-дей түрі бар. Қазақстанда 3 тұқымдасы: чукучандар (Catostomіdae, 70 түрі бар, үлкенауызды буффало деген түрі Қапшағай су қоймасынан ұсталған), тұқылар және шырма-балықтар кездеседі. Тұқытәрізділердің кәсіптік маңызы зор, әуесқойлық жолмен көп ауланады, тоған балық ш. мен оның басқа да балықты қолдан өсіру салаларында және аквариумда өсіріледі. Сондай-ақ жерсіндіру үшін маңызды нысандар болып саналады.

Тұқытәрізділердің 66 түрі мен түр тармақтары қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том