Тұрғызба (Жем ауылдық округі)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Тұрғызба
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Жылыой

Ауылдық округі

Жем

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°00′15″ с. е. 53°51′54″ ш. б. / 47.00417° с. е. 53.86500° ш. б. / 47.00417; 53.86500 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°00′15″ с. е. 53°51′54″ ш. б. / 47.00417° с. е. 53.86500° ш. б. / 47.00417; 53.86500 (G) (O) (Я)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

3397 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71237

Пошта индексі

060110

Автомобиль коды

06

Тұрғызба картада
Тұрғызба
Тұрғызба
Тұрғызба картадаЖылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Тұрғызба картада
Тұрғызба
Тұрғызба
 Басқа мағыналар үшін Тұрғызба деген бетті қараңыз.

ТұрғызбаАтырау облысы Жылыой ауданындағы ауыл, Жем ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы – Құлсары қаласынан солтүстік-батысқа қарай 12 км жерде, Жем өзенінің сол жағасында орналасқан.

Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты қаланып, ұжым мен ауылдық кеңестің орталығы болды. 1963 жылы осы маңдағы ұсақ ұжымшарлар негізінде “Ембі”(Жем) қаракөл қой кеңшары құрылды. 1996 жылдан кеңшар негізінде Тұрғызбада шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Алғашқыда кішігірім мекен болған бұл жерге кейін үйлер көптеп салынып, үлкен колхоз орталығына айналған

1999 жылы тұрғындар саны 2483 адам (1285 ер адам және 1198 әйел адам) болса, 2009 жылы 2892 адамды (1472 ер адам және 1420 әйел адам) құрады.[1]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3397 адамды (1741 ер адам және 1656 әйел адам) құрады.[2]

Әлеуметтік және мәдени нысандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • №4 М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1957 жылы Сталин атындағы сегіз жылдық мектеп, 1961 жылы мектепке М.Әуезов аты берілді. 1967 жылдан орта мектеп болып жұмыс жасап келеді.
  • «Балауса» бөбекжай бақшасы
  • Дәрігерлік амбулатория
  • Жем балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 2021 жылы ашылды. Екі қабаттан тұратын кешеннің аумағы 4000 шаршы метр. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені күрес, бокс, футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі залдарымен қамтылған. Оған қоса сыртқы футбол, баскетбол алаңдары қарастырылған.[3]
  • Тұрғызба мәдениет үйі — 2024 жылы 1 наурыз күні ашылды. Мәдениет үйінің бірінші қабатында 200 орындық концерттік зал, киім бөлмесі, 16 орындық асхана және касса, жуынатын бөлме бар. Ал екінші қабатта қызметтік кабинеттер, үйірме және оқытушы бөлмелері, 12 орындық оқу залы бар кітапхана, 4 орындық медиатека, кітап сақтау бөлмелері қарастырылған.[4]

Кәсіпкерлік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл тұрғындарының аз бөлігі ғана ауыл шаруашылығмен күн көреді. Көпшілігі жақын маңда орналасқан ТШО компаниясында қызмет атқарады[5].

Діни ұйымдар қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Тұрғызба ауылдық мешіті — 2002 жылы салынған. 50 адамға арналған. Жалпы көлемі 72 шаршы метр. Ғимараттың бас мұнарасының биіктігі 11 метр.[6]

Ауыл көшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыл суреттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Балауса» бөбекжай бақшасы Тұрғызба ауылдық мешіті

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
  2. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  3. https://atr.kz/zhanalyqtar/zhylyojda-dene-shynyqtyru-sauyqtyru-kesheni-ashyldy/ ЖЫЛЫОЙДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
  4. Тұрғызбада мәдениет үйі ашылды
  5. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  6. https://www.muftyat.kz/ru/mosque/2635/ «Тұрғызба» ауылдық мешіті