Тоқу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тоқу. Бізбен тоқудың барысы.
Тоқу. Шалу тәсілдері.
Бұрмалы, шырмаулы және созылған шалулар
Ұзартылған және орамалы шалулар. Соңғы қатардағы шалуларды бекіту.

Тоқу (ағылш. Knitting) - жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы[1]. Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі.

Қолмен тоқу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қолмен тоқу құралдары:

  • біз
  • ілмек
  • иірілген жіп (кенеп жіп, мақта жіп, жүннен иірілген жіп, жібе жіп синтетикалық жіп, аралас жіп)

Бізбен тоқу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тоқу біздері түзу, екі жағы немесе бір жағы ғана ұшты және иілме (айналдыра тоқитын) болып келеді. Олардың темірден, ағаштан, пластмассадан жасалған түрлері бар. Тігіссіз бұйым тоқу үшін иілме біз немесе бес, төрт және үш инелі біздер пайдаланылады. Біз жіптен екі есе жуанырақ болуы керек. Қөсымша жіп қосып жуандату немес жіпті жіңішкертіу есебінен, затты қалың не жұқа етіп тоқу (біз бен жіп диаметрінің әртүрлілігі) арқылы, пішілген үлгіге немесе есепке сай тоқу үлгісі өзгеріп отырады.

  • Бұйымның тоқылу түрі:
    • біртегіс - оң және теріс жағы болады, оны ұзынынан немесе керісінше түзу екі бізбен, немесе иілмелі сымды айналдыра тоқиды;
    • бітеу етіп - айналдыра тоқылады, мұны тек оң жағынан және бес бізді немесе иілмелі сымды пайдаланып тоқиды.

Бізбен тоқудың барысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Алғашқы қатар. Жіпті сол қолға алады. Екі бізді біріктіре ұстап, тоқылатын шүйке жіптің астынан өткізеді, сұқ саусақтағы жіпті бізбен іліп алып, бас бармақтағы жіпті шалу арқылы өткізеді. Бас бармақты шалудан босатып, жіпті тарту керек. Әрбір келесі шалуды шығару үшін осы әдістерді қайталайды. Сонда алғашқы қтарды құрайтын жіптер тізбегі шығады.
  • Шеткі шалулар - әр қатардың бірінші және соңғы шалулары. Бірінші шеткі шалуды (қатардың басындағы) оң бізге тоқымай алады. Тоқыма жолақ салынып немесе әр түрлі жіптермен өрнектеліп тоқылған кезде бірінші шеткі шалу басқа түсті жіпке ауысарда жіпті ең шетінде бекітетіндей етіп оң шалу жасайды. Қатардың соңғы шалуы оң немесе теріс шалумен тоқылады.
  • Шеткі жиек. Жиек шеті түзу болып (бұрымша) шығу үшін қатардың соңғы шалуын теріс алу керек те, ал келесі қатардағыны оң бізге тоқымай бос алады (мұндайда тоқылатын жіп біздің артында қалуы қажет). Жиек шеті біртегіс болмауы (тігісті) үшін қатардың соңғы шалуын оң тоқыып, бұл шалу бірінші болатын келесі қатарда оны тоқымай алады.
  • Оң және теріс шалулар. Оларды екі түрді тәсілмен тоқуға болады.
    • 1 - тәсіл: оң шалу бергі жіп арқылы тоқылады, оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің ьойындағы жіпті іліп алып шығады.
    • 2 - тәсіл: ескі тәсіл, сондықтан осылай алынған шалуларды кейде "әженің шалулары" деп атайды. Оң шалуды арғы жіппен, оң қолдағы бізді оңнан солға қарай өткізіп тоқиды.
  • Бос шалудың тура және кері түрлері.
    • Тура бос шалу: оң қолдағы бізді тоқылатын жіптің астына оңнан солға қарай салады.
    • Кері бос шалу: оң қолдағы бізді тоқылатын жіптің астынан солдан оңға, өзінен кері қарай өткізеді. Кері бос шалу барынша сирек қолданылады, себебі көптеген айшықтар (ағылшын резинкасы және т.б. сияқты) бұзылып кетеді, ал өрнекті айшықтарда мұндай бос шалудың тор көзі тым үлкен болады.
  • Шалуларды азайту. Детальдарды тоқу барысында шалуларды азайту түрлі тәсілдермен жүзеге асады (бекіту, бір шалуды екіншісінен өткізу, әдетте олар белгілі бір модельдің сипаттамасында көрсетіледі). Тоқыманың шетінен бір шалудан азайта отырып, көбіне оны екі шалуды біріктіре қосып алу арқылы бекітеді. Көп санды шалуларды (ең соңғы қатардағыдай) бірінен соң бірін бекітеді. Шалуларды тоқыманың оң қатарында да, теріс қатарында да азайтуға болады.
  • Екі шалуды жоғарыдан бірге алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 2- шалу жағынан тоқыманың алдынан алу (солдан оңға қарай).
  • Екі шалуды төменнен бірге алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 1-шалу жағынан тоқыманың артынан алу (оңнан солға қарай).
  • Үш шалуды бірге алу. Үш шалуды бірге алу түрлі тәсілмен тоқылады:
    • оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 3 шалуды тоқыманың артынан 1-шалу жағынан (оңнан солға қарай) іліп алады;
    • оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 3 шалуды, үшінші шалу жағынан (солдан оңға қарай) тоқыманың алдына қарай алады;
    • ортаңғы шалу мен бірінші шалудың орнын ауыстырып, содан соң 3 шалуды тоқыманың артындағы 1-шалу жағынан (оңнан солға қарай) алу керек.
  • Екі шалуды біріктіріп теріс шалумен алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды бірінші шалу жағынан (оңнан солға қарай) іліп алып, теріс шалумен тоқиды.
  • Екі шалуды біріктіріп айқасқан теріс шалумен алу. Оң қолдағы бізбен сол қолдағы біздің бойындағы 2 шалуды 2-шалу, тоқыманың арғы беті жағынан (солдан оңға қарай) іліп алып, теріс шалумен тоқиды.
  • Шалуларды көбейту:
    • бір оң бір теріс шалуды кезектестіре отырып бір шалудан бірнеше шалу шығарады;
    • бос шалу арқылы (бір бос шалу, бір оң шалу т.б.);
    • сол қолдағы бізге алынған ьос шалуды келесі біздің арт жағынан солдан оңға қарай тоқиды.
  • Өрнекті тоқыма. Өрнекті тоқыма шығару үшін оң қолдағы бізге бос шалу алады. Осыдан қосымша шалу пайда болады, бұл суретке байланысты не қалдырылады, не азайтылып кетеді. Бос шалу алынған жерде торкөз пайда болады. Торкөз кеңдеу болуы үшін 2 бос шалуды қатар алады да, олардың біреуін келесі қатарда оң не теріс шалумен тоқып, екіншісін босатып жібереді немесе бір бос шалуды оң, келесісін теріс шалумен , не керісінше тоқиды.
  • Бұрама шалулар. Бұрама жасау үшін бір немесе бірнеше шалуды қосымша бізге өткізіп алып, суретіне сәйкес тоқыманың алдыңғы және артқы жағында қалдырады, бұдан кейінгі шалуды немесе бірнеше шалуларды тоқып алған соң қосымша біздердегі шалуларды тоқиды. Әуелі үстіңгі жақта тұратын шалуларды теріп алып, астыңғы жақа тұратын шалуларды тоқыманың арт жағына қалдыру керек, яғни шалулардың орнын ауыстырады.
  • Шырмаулы шалулар. Оң қолдағы біздің бойындағы 3- және 4-шалулар арасын немесе сол қатардағы шалуға яғни одан бірнеше қатар төменірекке өткізіп, тоқылатын жіптен ұзын шалу іліп шығарады. Бұл шалуларды бөлек не сол қатардағы немесе келесі қатардағы басқа шалумен (суретіне қарай) тоқиды. Оң қолдағы бізді сол қолдағы біздің бойына 4 қатар төмен орналасқан 2 және 3 шалулар арасына өткізіп, тоқитын жіптен ұзын шалу іліп алып, оны оң немесе сол қолдағы біздің ұшына ілу керек.
  • Созылған немесе тоқымай алынған шалулар. Шалуларды сол қолдағы бізбен оң қолдағы бізге тоқымай алады. Жіпті шығарылған суретке сәйкес тоқыманың алдына немесе сырт жағына қалдырады. Бір шалуды бірнеше қатар бойына тоқымай іліп алуға болады. Бір шалуды оң қатарда қайта-қайта тоқымай алып, ал теріс қатарда теріс шалумен тоқып отырса, тоқыманың тігінен бүктелер сызығын шығаруға болады.
  • Тоқымай алынған бос шалулар. Егер бір шалуды бірнеше қатарда тоқымай алса, әр қатарда шалудың тоқымай аларда және бұдан бұрынғы қатардың бос шалуының алдынан жаңа бос шалу алады. Тоқымай алынған шалуларды тоқығанда бізді барлығының және бос шалулардың астына өткізу керек.
  • Ұзартылған шалулар немесе орамалы шалулар. Оң қолдағы бізді оң немесе теріс тоқыған кездегідей шалуға өткізіп, оның ұшымен тоқитын жіпті іліп алып, сағат тілі бағытымен айналдыра отырып қажет санды орама жасайды. Келесі қатарда шалуды тоқып, орамаларды босатып қоя береді. Кей кезде ораманы босатып қоя беріп, шалуды бір бізден екіншісіне тоқымай алады.

Тоқудың түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Шұлықша тоқу.
    • айналдыра тоқығанда үнемі оң шалумен тоқиды;
    • жазып тоқығанда - бір қатарда (тоқыманың оң жағынан) оң шалумен, екінші қатарды (тоқыманың теріс жағынан) теріс шалумен тоқиды.
  • Қуыстап тоқу. Тоқыманың оң және теріс жағын бірдей етіп тоқиды. Бірші қатар - 1 оң беті, 1 оң шалуды тоқымай алады (жіп тоқыманың алдына түседі), екінші және одан кейінгі қатарлар - оң шалуларды оң тоқып, терісін тоқымай бос алады (жіп тоқыманың алдына түседі).
  • Орамалша тоқу.
    • айналдыра тоқығанда бір қатарды оң шалумен, бір қатарды теріс шалумен тоқиды;
    • жазып тоқығанда тоқыманың оң немесе теріс жағы болсын біркелкі не оң не теріс шалулармен тоқиды.
  • Резинка (ластик) - белгілі бір есеп бойынша теріс және оң шалулар кезектесіп отырады.

Ілмекпен тоқу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Ілмекпен тоқу

Машинамен тоқу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Машинамен тоқыған кезде шалуларды көбейтуге не азайтуға, ластик (резинека) тоқуға, тігінен, көлбеуінен және көлденеңінен тілік түсіруге, "каре", жартылай дөңгелек мойын ойындысын шығаруға, шетті өңдеуге болады. Бір мезгілде бірнеше ұсақ бөліктерді, (балалар бұйымының жеңі, манжеталары және т.б.) тоқуға болады. Машина тығыздықты жүйелегішпен жабдықталған, бұл жіптің нөміріне қарай көлденеңінен және тігінен түрлі тығыздықта тоқылған бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді. Қол машинасымен тоқу үшін орташа ширатылған жүн, мата, синтетикалық жіптерді қолдануға болады. Қол машинамен тоқылған бұйым бізбен немесе ілмекпен тоқылған бұйымдарға қарағанда анағұрлым тегіс әрі әдемі болады. Машина құрылымы бізбен басталған бұйымды аяқтауға немесе керісінше машинамен бастап, бізбен әрі қарай жалғастырып тоқуға мүмкіндік береді.

Тоқыма киімдер тоқу барысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұйымды тоқудың алдында әуелі өлшемін алып, сол бойынша үлгі жасалады. Бұйымды үлгісі бойынша дәл тоқып шығу үшін еніне қанша шалу алатынын және ұзындығына неше қатар керек екендігі анықталады. Киімді тоқу реті : артқы бой, жең, сол жақ алдыңғы бой, оң жақ алдыңғы бой - бұл әйелдер киімі үшін, ал ерлер киімі үшін әуелі оң жақ алдыңғы бой, содан соң сол жақ алдыңғы бой.

Толық мақаласы: Киімдерді тоқу

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Вышивка", альбом. Киев "Веселка" 1986г.