Тонлесап

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тонлесап, Сап – Үндіқытай түбегіндегі ең үлкен көл. Камбоджадағы (Кампучиядағы) Камбоджа жазығында орналасқан. Көл шарасының ауданы 2,5 – 3,0 мың км²-ден (қыста) 10,0 мың км²-ге дейін (жазда) жетеді. Тереңдігі 1 – 2 метрден 10 – 14 метрге дейін өзгеріп отырады. Жағалаулары жазық, аласа және батпақты. Көл Тонлесап өзені арқылы Меконг өзенімен жалғасады. Балыққа бай, суы күріш өсіруге пайдаланылады. Жағалауларында халық тығыз қоныстанған. Тұрғын үйлер, ғимараттар негізінен қадаларға тұрғызылған. Тонлесапқа жақын тұста 9 – 13 ғасырларда салынған храмдар, сарайлар, каналдар мен бөгендерден тұратын Ангкор атты кешенді мәдени ескерткіш орны, сонымен қатар 12 ғасырдағы Ангкор-Ват (қала-пагода) атты храм кешені, 9 ғасырда болған Яшодхарапура мемлекетінің қала-астана ансамблі сақталған.

Сурет галереясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]


Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том