Толағайсор
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Толағайсор | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 9,3 × 4,5 км |
Ауданы | 26,7 км² |
Жағалау сызығының ұзындығы | 32,2 км |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 572 км² |
Орналасуы | |
47°26′58″ с. е. 55°03′18″ ш. б. / 47.44944° с. е. 55.05500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°26′58″ с. е. 55°03′18″ ш. б. / 47.44944° с. е. 55.05500° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақтар | Ақтөбе облысы, Атырау облысы |
Аудандар | Байғанин ауданы, Жылыой ауданы |
Толағайсор – Жем алабындағы көл.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақтөбе облысының Байғанин және Атырау облысының Жылыой аудандары жерінде, Алашен тауынан батысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданы 26,7 км2. Ұзындығы 9,3 км, енді жері 4,5 км, жағалау бойының ұзындығы 32,2 км. Су жиналатын алабы 572 км2.
Жағалау сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жағалауы көбіне тік жарлы. Жауын-шашын суымен толығады. Солтүстігінен шағын өзен құяды. Жаздың ыстық айларында көл таязданып, көпшілік жері сорға айналады. Алабы – жайылым.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5