Теріскенеспе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Теріскенеспе өзен
Сипаттамасы
Ұзындығы 115 км
Су алабының
ауданы
4170 км²
Су алабы Шалқартеңіз алабы
Су ағысы
Бастауы Жыландытөбе тауының батыс етегіндегі бұлақтар
Сағасы Еспе сорына сіңіп кетеді
 • Координаттары 46°03′20″ с. е. 66°01′47″ ш. б. / 46.05556° с. е. 66.02972° ш. б. / 46.05556; 66.02972 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°03′20″ с. е. 66°01′47″ ш. б. / 46.05556° с. е. 66.02972° ш. б. / 46.05556; 66.02972 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Ұлытау облысы Ұлытау, Ақтөбе облысы Шалқар аудандары

Теріскенеспе – Шалқартеңіз алабындағы өзен.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлытау облысы Ұлытау және Ақтөбе облысы Шалқар аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 4170 км2.

Бастауын Ұлытау ауданындағы Жыландытөбе тауының батыс етегіндегі бұлақтардан алып, Еспе сорына сіңіп кетеді.

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ірі салалары - Қарасу, Ақсай, Тереңсай, Еспесай. Аңғары - сазды жазық дала. Қар, жауын-шашын суынан толысады. Көктемде тасиды, жазда иірім қарасуларға бөлінеді. Жауын-шашын тапшы жылдары арнасы кеуіп қалады. Жылдың орташа су шығыны секундына 0,66 м3. Суымен мал суарылады. Алқабы мал жайылымы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5