Тайсойған (құм)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тайсойған құмы
Сипаттамасы
Ұзындығы83 км
Ені40 км
Ауданы2400 км²
Орналасуы
48°39′57″ с. е. 53°29′16″ ш. б. / 48.66583° с. е. 53.48778° ш. б. / 48.66583; 53.48778 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°39′57″ с. е. 53°29′16″ ш. б. / 48.66583° с. е. 53.48778° ш. б. / 48.66583; 53.48778 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАтырау облысы
ОрналасуыАтырау облысының солтүстік шығыс шеті
Тайсойған (құм) (Қазақстан)
Тайсойған құмы
Жылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Тайсойған құмы
 Басқа мағыналар үшін Тайсойған деген бетті қараңыз.

Тайсойған құмыАтырау облысының солтүстік шығыс шетін алып жатқан құм.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Каспий маңы ойпатының оңтүстік Орал алдының көтеріңкі оңтүстік-батыс қиыр шетін және Жем үстіртіне ұштасатын өңірін алып жатыр.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыл өзенінің, әсіресе оның саласы Жарыпшыққан өзенінің ғасырлар бойы өзі өтетін аймақтардан шайып әкелген жыныстар шөгінділерінің шоғырынан қалыптасқан. Жалпы ұзындығы 83 км-ге жуық, ені 40 км, ауданы 2400 км2. Адырлы-қырқалы, кейде құмды-шағылды келеді.

Климаты, өсімдігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өңірінің климаты куаң континенттік; каңтардың орташа температурасы — 13,8°С, шілдеде 24,4°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 180 мм, 1-2 м. Тереңдікте ыза сулы қабат кездеседі. Қуаң құмды жерге бейімделген шөптесін өсімдік бітік өседі. Тайсойған - Атыраудың ежелгі мал жайылымы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1