Табиғи монополия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Табиғи монополия - өндірістің, көрсетілетін қызметтердің (өткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың) технологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы өндіріс, (өткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар) нарығында бəсекелестік жағдай жасаудың мүмкін болмауы немесе экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы себепті оларға деген сұраным тиімді түрде қанағаттандырылмайтын нарық жағдайы.


Табиғи монополия бəсекеден тыс болғандықтан монополиялық баға белгілеуге, өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сату шарттарын өктемдіпен таңуға, олардың сапасының стандарттарын дербес белгілеуге бейім болғандықтан, оның қызметін, тіпті еркін нарықтық экономика жағдайында да, мемлекеттік реттеу қажеттігі туындайды. Үкіметтің табиғи монополияға қатысты құқықтық негіздері "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңында ( 9 мамыр 1998) айқындалған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы баспасы