Субэкваторлық белдеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Субэкваторлық белдеу – Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы тропиктік және экваторлық белдеулер аралығындағы аймақ.

Қыста тропиктік пассаттар әсерінен ауасы құрғақ, қуаң; жазы ылғалды экваторлық муссондық климатпен сипатталады. Күн сәулесі жер бетіне тік түсуіне байланысты жыл бойы бір қалыпты жоғары температура сақталады. Жылдық радиациялық баланс 70 – 80 ккал/см2, айлық орташа температура 20 – 30С. Суының температурасы үнемі жоғары (25С). Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 2000 мм (негізгі бөлігі ылғалды кезеңде түседі). Экватордан тропиктік белдеуге қарай ұзаған сайын 2 – 3 айдан 8 – 10 айға дейін құрғақшылық кезеңдер болады. Осы бағыт бойынша табиғи өсімдік жамылғысы да тұрақты ылғалды орман, маусымдық ылғалды орман, саванналар және сирек ормандар болып ауысады. Топырағы қызыл, қоңыр күлгін. Жыртқыштар, тақтұяқтылар, бауырымен жорғалаушылар, т.б. мекендейді. Күріш, мақта, тропиктік дақылдар өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы