Страбон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Страбон (б.з.б. 64/63, Амасия, Кіші Азия, – б.з. 23/24) – ежелгі грек географы, тарихшы. Грекия, Кіші Азия, Италия және Египетке саяхат жасаған. Ол қазіргі күнге жетпеген 47 кітаптан тұратын “Тарихи жазбалардың” (онда б.з.б. 146 жылдан – б.з.б 31 жылы шамасына дейінгі оқиғалар баяндалған) және 17 кітаптан тұратын “География” атты еңбектің авторы. “Географияның” 7-кітабының Македония мен Фракияға арналған бөлігінен басқа барлық кітаптары сақталған. Бұл еңбектің тек алғашқы 2 кітабы теориялық сипатта, қалған бөлігі сол дәуірдегі елдер мен аймақтарды суреттеуге арналған (3 – 6-кітаптар Испания, Галлия, Британия, Италия, Сицилия; 7 – 10-кітаптар Солтүстік және Шығыс Еуропа, Солтүстік Балқан, Грекия; 11 – 14-кітаптар Солтұстік және Шығыс Қара тау маңы, Кіші Азия; 15 – 17 кітаптар Үндістан, Месопотамия, Арабия, Египет туралы). Онда сол кездегі көптеген елдер мен халықтардың тұрмысы мен мекені туралы мол мағлұмат берілген. Әсіресе, Азия скифтері және Каспий жағалауы халықтарының тарихы, этнографиясы туралы жазған еңбектерінің құны ерекше. Сондай-ақ Кавказ өңірі және Боспор патшалығы толық баяндалған. Страбонның еңбегі тарихи-географиялық шығарманың тұңғыш тәжірибесі және құнды тарихи деректемесі болып табылады.

Әдеб.: Арский Ф.Н. Страбон, М., 1974; Қазақтар, 7-т. А., 1998.[1]

Пайдаланған сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы