Сомони

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сомони  (қаз.)

Сомонӣ  (тәж.)
Somoni  (ағылш.)
Somoni  (фр.)

1999 жылғы 5 сомони 2001 жылғы 1 сомони
1999 жылғы 5 сомони 2001 жылғы 1 сомони
Кодтар және таңбалар
Кодтар ISO 4217 TJS (972)
Аббревиатуралар с. • смн. • сом.
Айналым шекарасы
Эмитент  Тәжікстан
Туынды және параллельді бірліктер
Бөлшекті дирам (1100)
Айналымдағы монеталар және банкноталар
Банкноталар 1, 5, 20 және 50 дирам
1, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200 және 500 сомони
Тарих
Валюта-ізашар Тәжік рублі (TJR)
Бонкноталар және монеталар өңдірісі
Эмиссиялық орталық Тәжікстан Ұлттық банкі
www.nbt.tj/ru/
Ақша сарайы Санкт-Петербург ақша сарайы
www.mintspb.ru
Қазақстан теңге сарайы
kazmint.kz
Бағамдар ХВҚ, ЕОБ және ҚРҰБ мәліметтері бойынша аутоматты түрде жаңартылып отырады.
Сомони Ортаққорда

Сомони (тәж. сомонӣ) — Тәжікстанның ақша бірлігі, ортағасырлық саясаткер Исмаил Саманидің атымен аталған[1], ISO 4217 әріптік коды – TJS, сандық коды – 972, ресми таңбасы c. 1 сомони 100 дирамнан тұрады.

Сомони 2000 жылдың 30 қазанында енгізілді және тәжік рублін алмастырды (1 сомони = 1000 тәжік рублі), айырбастау 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін жүргізілді.

2001—2018 жылғы шығарылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл шығарылымның шақалары Санкт-Петербург ақша сарайында соғылған. 2006 жылғы шақаларда 2001 жылғы шақалармен салыстырғанда белгіленген бағаның үлкейтілген суреті бар. 2018 жылы Қазақстан теңге сарайында әрленімі өзгертілген атаулы бағасы 1, 3 және 5 сомонилік шақалар соғылған.

Бейнесі Белгіленген бағасы Материал Диаметрі
(мм)
Жуандығы
(мм)
Салмағы
(г)
Қыры Шығарылған
жылы
5 дирам болат,
жез жалат.
16,5 1,35 2 тегіс 2001 2006
10 дирам 17,5 1,4 2,4 2001 2006
20 дирам 18,5 1,4 2,7 2001 2006
25 дирам мыс+мырыш 19 1,4 2,76 бұжыр 2001 2006
болат, жез
жалат.
2,8 2006
50 дирам мыс+мырыш 21 1,45 3,6 2001 2006
болат, жез
жалат.
3,4 2006
1 сомони нейзилбер 24 1,6 5,2 үзілмелі-
бұжыр
2001
24,5 1,8 5,8 2018
3 сомони 25,5 1,8 6,3 тегіс
СЕ СОМОНӢ
жазуымен
2001
2018
5 сомони 26,5 1,85 7 жұлдызы бар
үзілмелі-
бұжыр
2001
2018

2011 жылғы шығарылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақша айналымының сапасын арттыру мақсатында 2011 жылдың 15 маусымында белгіленген бағасы 5, 10, 20 және 50 дирам және 1 сомони болатын шақалардың жаңа сериясы шығарылды[2]. Белгіленген бағасы 1 және 2 дирам шақалар 2013 жылдың 2 ақпанында айналымға енгізілді. Барлық шақалар Қазақстан теңге сарайында соғылады[3].

Өткен шығарылымдардың барлық шақалары (2001 және 2006) заңды төлем құралы болып қалды[4].

2015 және 2017 жылдары белгіленген бағасы 5, 10, 20, 50 дирам және 1 сомони шақалар (тек 2017 жылы) сәл өзгертілген әрленімімен шығарылды[5].

Бейнесі Белгіленген бағасы Материал Диаметрі
(мм)
Жуандығы
(мм)
Салмағы
(г)
Қыры Шығарылған жылы
1 дирам болат, жез
жалат.
14,5 1,2 1,3 тегіс 2011
2 дирам 16,0 1,2 1,6 2011
5 дирам 18,0 1,2 2,0 2011 2015
2017
10 дирам 20,5 1,4 3,0 2011 2015
2017
20 дирам 23,5 1,6 4,0 бұжыр 2011 2015
2017
50 дирамов 26,0 1,6 5,5 үзілмелі-
бұжыр
2011 2015
2017
1 сомони мелхиор 27,0 1,4 5,2 бұжыр 2011 2017

Естелік шақалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тәжікстан Ұлттық банкі 2004 жылы Тәжікстан Конституциясының 10 жылдығына және Душанбе қаласының 80 жылдығына арналған төрт шақа шығарғаннан бастап бағалы (алтыннан — атаулы құны 50, 100 және 200 сомони және күмістен – атаулы құны 1, 3, 5, 50, 100 және 500 сомони) және бағалы емес металдардан (биметалл — атаулы құны 3 және 5 сомони, мелхиор және нейзилбер — атаулы құны 1 сомони) естелік және мерейтойлық шақаларды шығарады.

2015 жылдың басындағы жағдай бойынша шақалардың 30 түрі, оның ішінде 5 биметалл, 2 мельхиор, 1 нейзильбер, 19 күмістен 925 сынама және 3 алтыннан 900 сынама шығарылды.

Банкноттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1, 5, 20, 50 дирам және 1, 5, 10, 20, 50 және 100 сомони банкноталары Тәжікстан Республикасы Президентінің № 415 Жарлығына сәйкес 2000 жылғы 30 қазанда айналысқа енгізілді.

2010 жылы түсі өзгертілген 1, 5, 10 және 20 сомонилік банкноттардың түрленімдері, сондай-ақ 3, 200 және 500 сомонилік жаңа банкноттар шығарылды (10 қыркүйектен бастап)[6].

2012 жылдың 25 желтоқсанында қосымша голографиялық қорғаныс элементі бар 5 және 10 сомонилік банкноттардың түрленімдері шығарылды[7].

2013 жылғы 5 наурыздан бастап айналымға жаңа қорғаныс элементі бар 20, 50 және 100 сомонилік банкноттардың түрленімдері енгізілді: сериялық нөмірдің соңғы үш саны кинеграммада лазердің көмегімен басылды, сонымен бірге оны қарапайым көзбен және сипап көру арқылы ажыратуға болатын жоғары бедерге ие[8].

2017 жылдың 31 тамызында Тәжікстан Ұлттық банкі жаңа қорғаныс белгілері бар 10, 20, 50 және 100 сомонилік банкноттардың түрленімдерін шығарды[9]. Барлық банкноттарда Ұлттық банк төрағасының қолы ауыстырылып, уақыты 2017 жыл болып өзгертілді. 100 сомонилік банкноттың бет жағындағы қорғаныс жолақтары өзгертіліп, банк эмблемасы кішірейтілді. Банкноттың арт жағында сүңгуір жіп кеңейіп, республиканың туы мен банктің эмблемасы да кішірейтілді.

Бейнесі Белгіленген бағасы Өлшемі
(мм)
Негізгі
түстері
Сипаттамасы Шығарылған
жылы
Бет жағы Арт жағы Бет жағы Арт жағы
1 дирам 100×60 қоңыр Садриддин Айни ат. опера және балет театрының ғимараты таудың әсем көрінісі 1999
5 дирам көк «Арбоб» мәдениет сарайы Шілішершашмадағы кесене
20 дирам жасыл Тәжікстан Ұлттық банкінің мәжіліс залы таулы жол
50 дира күлгін Саманилер елінің негізін салушы
Әбу Ибраһим Ысмайыл ибн Ахмат Самани (849—907)
таулы жол
1 сомони 141×65 жасыл ақын, Тәжікстанның қоғамдық-саяси қайраткері
Мырза Тұрсынзаде (1911—1977)
Тәжікстан Ұлттық банкінің ғимараты 1999
3 сомони қызылкүрең Тәжікстанның батыры, Тәжікстанның мемлекет қайраткері
Шырыншаһ Шаһтемір (1899—1937)
Тәжікстан парламентінің ғимараты 2010
5 сомони 144×65 көк қазіргі тәжік әдебиетінің негізін салушы
Садриддин Айни (1878—1954)
Пенжакент ауданындағы Әбу Абдаллаһ Рудаки кесенесі 1999
10 сомони 147×65 тоқсары
қызылкүрең
Тәжік ойшылы және ақыны
Мір Сейіт Әли Хамадани (1314—1384)
Күләбтағы Мір Сейіт Әли Хамадани кесенесі 1999
2017
2018
2021
20 сомони 150×65 қоңыр
көкшіл
Парсы философы және дәрігері, ғалым-энциклопедист
Әбу Әли Хұсейін ибн Абдуллаһ ибн Сина (980—1037)
Гисар бекінісі
50 сомони 153×65 көк
сары
ғалым, Тәжікстанның мемлекет қайраткері
Бабажан Ғафуров (1908—1977)
Исфара ауданындағы «Сино» шайханасы
100 сомони 156×65 қоңыр
көкшіл
Саманилер елінің негізін салушы
Әбу Ибраһим Ысмайыл ибн Ахмат Самани (849—907)
Президент сарайы 1999
2017
2021
200 сомони 159×68 қоңыр
сары
көкшіл
Тәжікстанның батыры, Тәжікстанның мемлекет қайраткері
Нұсратулла Мақсұм (1881—1937)
Ұлттық кітапхананың ғимараты 2010
2018
2021
500 сомони 162×71 көк
сары
тәжік (парсы) классикалық әдебиетінің негізін салушы
Әбу Абдаллаһ Рудаки (858—941)
Ұлт сарайы 2010
2018
2021
Кескін масштабы 1 миллиметрде 1,0 пикселді құрайды.

Қорғаныс элементтері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Дирамдар:
  1. Қызыл, көк және жасыл жарықпен жарқырайтын түссіз қорғаныш талшықтары бар қағаз
  2. Тәжікстан Ұлттық банкінің эмблемасы түріндегі сутаңбасы
  3. Қайталанатын "БМТ" (тәж. Бонки миллии Тоҷикистон — Тәжікстан Ұлттық банкі) мәтіні бар металдандырылған сүңгуір қауіпсіздік жіп
  4. Тәжік (алдыңғы жағында) және ағылшын тілінде (артқы жағында) банкноттың белгіленген бағасының суреті бар микромәтін
  5. Магниттік қасиеттері бар сериялық нөмір
  • Сомони:
  1. Қызыл, көк және жасыл жарықпен жарқырайтын түссіз қорғаныш талшықтары бар қағаз
  2. Банкнотада бейнеленген адамның портреті түріндегі сутаңбасы
  3. Қайталанатын "БМТ" мәтіні бар металдандырылған сүңгуір қауіпсіздік жіп
  4. Тәжік (алдыңғы жағында) және ағылшын тілінде (артқы жағында) банкноттың белгіленген бағасының суреті бар микромәтін
  5. Көлденең орналасқан сериялық нөмір магниттік қасиеті бар
  6. Баспа-бедерлі элемент көшіруге қарсы: банкнотты әртүрлі бұрыштардан қарау кезінде «қызғалдақ» суретінде банкноттың белгіленген бағасын көрсететін бірнеше сандар көрсетіледі.
  7. Алдыңғы және артқы жағындағы ашық шеңбердегі өрнек элементтерін біріктіру ТҰБ эмблемасын құрайды.
  8. ТҰБ эмблемалары және тәжік пен ағылшын тілдеріндегі мәтіні бар голографиялық қорғаныс жолағы (20-500 сомони банкноттарында; 2012 жылдан бастап — 5 және 10 сомонилерде)
  9. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған жапсырма
  10. Кинеграммадағы сериялық нөмірдің соңғы үш санының бедерлі суреті (2013 жылдан бастап 20, 50 және 100 сомонилік банкноттарда)

Сомони нышаны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2015 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Ұлттық банкі қазан айының басында аяқталуы тиіс сомони нышанын әзірлеуге арналған байқаудың басталғанын жариялады. Дегенмен, ол нәтижесіз аяқталды, әлі күнге дейін Тәжікстанның ұлттық валютасының нышаны әдеттегі - «с» әрпінің қысқартылған түрі болып келеді[10][11].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тәжікстан Республикасының Беларусь Республикасындағы елшілігі: Ұлттық валюта.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 мамыр 2021.
  2. НИАТ «Ховар»: Тәжікстанда жаңа шақалар айналымға енді. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 наурыз 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 қараша 2013.
  3. ТМД және Балтық елдерінің шақалары — Тәжікстанның шақалары.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 мамыр 2021.
  4. ASIA-Plus: Тәжікстанның Ұлттық банкі айналымға жаңа шақаларды шығарды. Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 тамыз 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 қараша 2013.
  5. ТМД және Балтық елдерінің шақалары — Тәжікстанның шақалары.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 мамыр 2021.
  6. НИАТ «Ховар»: Тәжікстан Республикасында 3, 200 және 500 сомонилік банкноттар айналысқа шығарылады. Басты дереккөзінен мұрағатталған 17 қазан 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 қараша 2013.
  7. ТәжікТА: Тәжікстан Ұлттық банкі қосымша қорғаныс элементі бар жаңа банкноттарды айналымға шығарды  (орыс.).(қолжетпейтін сілтеме)
  8. НИАТ «Ховар»: Жаңа банкноттар айналысқа шығарылды. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 ақпан 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 қараша 2013.
  9. ASIA-Plus: Тәжікстанда 10, 20, 50 және 100 сомонилік жаңа банкноттар айналымға шығарылады.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 ақпан 2018.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 19 ақпан 2018.
  10. ТҰБ ұлттық валютаның халықаралық нышанын жасауға байқау жариялады  (орыс.).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 мамыр 2021.
  11. Тәжікстанда ұлттық валюта нышанына байқау жарияланды  (орыс.).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 мамыр 2021. / Хабаршы