Солтүстік бұғысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Солтүстік бұғысы
Қазбалық ауқымы: Плейстоцен 620,000 BP[1] to present

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Cervidae
Кіші тұқымдасы: Capreolinae
Тегі: Rangifer
C.H. Smith, 1827
Түрі: R. tarandus
Екі-есімді атауы
Rangifer tarandus
(Linnaeus, 1758)

Солтүстік бұғысы (лат. Rangifer tarandus) – бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректі.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұқасының дене тұрқы 220 см-ге, биіктігі (шоқтығынан) 140 см-ге, салмағы 220 кг-ға жетеді. Солтүстік бұғының қысқы жүні бозғылт, ақшыл, ұзын, қалың жабағылы, жазда қызғылт күрең, тықыр сирек. Аяғының аша тұяғы жалпақ,, кең ашылады, сондықтан бұқа аяғы қалың қарға, батпаққа аса батпайды.

Қоректенуі мен таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік бұғы Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада поляр аралдарын, тундраны, жазық және таулы тайганы мекендейді. Үйірлі, полигамиялы жануарлар. Қысқы оты негізінде қына, көбіне бұғы мүгі, бұта, ағаш бүршігі, бұтағы, жазда шөптесін өсімдіктер, бұта жапырағы, жидек, саңырауқұлақ. Жыл маусымына байланысты тундрадан орманды тундраға және тайганың солтүстігіне өрістейді.

Қазан-қыркүйекте үйірге түсіп, 225 күн көтеріп, мамыр- маусымда жалқы, кейде егіз бұзаулайды, жыныстық жағынан 2- жылы жетіледі. Үйірге түсіп шыққан бұқасының мүйізі түсіп, сәуір-тамызда қайта жетіледі. Сиырының мүйізі бұзаулағаннан кейін түсіп, жаңа мүйізі қыркүйекке дейін өсіп жетіледі.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кәсіптік маңызы бар, еті, терісі пайдаланылады. Қолда өсірілетін Солтүстік бұғының тегі- жабайы Солтүстік бұғы.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Kurtén, Björn (1968). Pleistocene Mammals of Europe. Transaction Publishers. pp. 170-177. ISBN 978-1-4128-4514-4. https://books.google.com/books?id=OsPBXSNL8ZkC&pg=PA170. Retrieved 6 тамыз 2013. 
  2. Henttonen, H. & Tikhonov, A. (2008). Rangifer tarandus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 29 April 2010.
  3. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 331 бет