Сеул Ұлттық Университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сеул Ұлттық УниверситетіСеулде орналасқан Оңтүстік Кореядағы ең танмымал, ірі университет. Университеттің ресми атауы 1949 жылдың аяғына дейін корейше Куннип Соуль Тэхаккё деп аталып келді. Қазір Соуль Тэхаккё («Сеул Университеті») болып қысқарды.

Университет 1946 жылы 22 тамызда Сеулдегі 10-нан астам кішігірім оқу орындарының (соның ішінде Кэйдзё Императорлық университеті бар) бірігуі нәтижесінен құрылады. Оқу орнының тұңғыш ректоры – Гарри Анстед.

Университеттің заң факультеті Кёнсон Университетінің заң факультеті мен Кёнсон заң колледжінің (경성법학전문학교) бірігуі нәтижесінде құрылды.

Екінші ректор 1947 жылдың қазан айынан бастап қызмет еткен Ли Чхун Хо (이춘호, 李春昊) болды.

1950 жылдың қыркүйегінде университет құрамына Сеул фармацевтикалық колледжі (서울약학대학) кіріп, фармацевтикалық факультетке айналды. Бұған дейін ол жеке оқу орны болған.

Корея соғысы кезінде университет Пусандағы елдің бірнеше басқа университеттерімен уақытша біріктірілді.

Бастапқыда негізгі кампус Чонногу округіндегі Тэханно қаласында (Университет көшесі) орналасқан. 1975 жылы кейбір факультеттер Кванакку округінде орналасқан кампусқа көшті. Чонногудағы ескі кампустың аумағында қазір медициналық, стоматологиялық факультеттер және мейірбике ісі факультеті орналасқан.

Сеул Ұлттық Университеті 2006 жылы әлем рейтингісі бойынша 63-орынды, 2007 жылы – 51-орынды, 2008 жылы – 50-орынды, 2009 жылы – 47-орынды, 2010 жылы – 50-орынды иеленді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]