Серік Ғазизұлы Есмұқанов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Серік Ғазизұлы Есмұқанов 1960 жылы 22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Гаврино ауылында туған. қазақ. Әкесі - Есмұқанов Ғазиз Есмұқанұлы (1936 ж. т.), зейнеткер, Жезқазған қаласындағы облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған. Анасы - Есмұқанова ¥рамбасар Тоқышқызы (1938 ж. т.), зейнеткер, бас бухгалтер болып жұмыс істеген. Сібір автомобиль-жол институтының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс факультетін бітірген (Омбы қ., 1983), инженер-құрылысшы. Б¥¥ жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2007). қазақ және орыс тілдерін біледі. 1983 жылдан - Басвладивостокқурылыстың «қиырарнайықұрылыс» 745-ші тресінде инженер-геодезист, 1984 жылдан - жұмыстар бастығы басқармасында шебер, жұмыстарды атқарушы, аға жұмыстарды атқарушы. 1986 жылдан- «қазқұрышмонтаж» тресінің Алматы мамандандырылған басқармасының (АМБ) жұмыстарды атқарушысы. 1987 жылдан - «қазқұрышмонтаж» тресінің АМБ өндірісті дайындау бөлімінде қосалқы өндіріс меңгерушісі. 1989 жылдан - «қазқұрышмонтаж» АМБ №5 учаскесінің жұмыстарды атқарушысы, №3 учаскенің аға жұмыстарды атқарушысы. 1990 жылдан - «қазқұрышмонтаж» АМБ басқарма бастығының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары. 1994 жылдан - «Имсталькон» Ақ №1 Апматы монтаж фирмасының директоры. 1998 жылдан бері - «Имсталькон» Ақ Директорлар кеңесінің төрағасы. «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «құрметті монтажшы» белгісімен (2006); ҚР Тұрғын үй құрылысы және құрылыс салу министрлігінің (1996), «Монтажспецстрой» компаниясы» Ақ (2002), құрылыс және ТКШ істері жөнінегі комитеттің (2006), Алматы қаласы әкімінің (1997, 2002, 2006, 2010) құрмет грамоталарымен марапатталған. Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М.К. Ататүрік. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «қарқынды дамыған зайырлы мемлекет». Хоббиі - волейбол, тау шаңғысы, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - аналитика, экономика, демалыс кезінде - детективтер. Үйленген. Жұбайы - Есмұқанова Валентина Юрьевна (1961 ж. т.). ¥лдары - Есмүқанов Руслан Серікұлы (1985 ж. т.), Есмұқанов Жасұлан Серікұлы (1990 ж. т.), Есмұқанов Олжас Серікұлы (1992 ж. т.).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2