Селжүктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Селжүктер — түркі-оғыз тайпаларының бір тармағы. Құрамына қынық тайпасы басшылығындағы әр түрлі оғыз тайпалары кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен аталған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар 11 ғасырдың 40–80-жылдары Орталық Азияның бір бөлігін, Иранның көп бөлігін, Әзірбайжан, Күрдістан, Армения, Грузия, Ирак, Кіші Азияны, т. б. аумақтарды жаулап алды. Белгілі көсемдері — Тоғрыл бек, Алп-Арслан, Мәлік шах I. Мәлік шахтың (1073—92) тұсында саяси күш қуаты барынша артты. Бірақ көп ұзамай салжұқтар құрған мемлекет ұсақ сұлтандықтарға бөлініп, бірте-бірте жойылып кетті. Салжұқтар 11—13 ғасырларда басқа да оғыз тайпаларымен және Иран, Әзірбайжан, Кіші Азияның байырғы тұрғындарымен араласып, бірте-бірте соларға сіңісіп кетті. Олар қазіргі түрік, Әзірбайжан, түрікмендер, т. б. түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды[1].

1092 жыл Мәлік шах I қайтыс болғаннан кейінгі Ұлы Селжұқ империясы[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7-том
  2. Black Jeremy. The Atlas of World History — American Edition, New York: Covent Garden Books, 2005. — P. 65, 228. — ISBN 9780756618612. Бұл карта, әсіресе Жерорта теңізі мен Қара теңіз бойында, басқа карталардан сәл ерекшеленеді.