Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров (1884, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 1929, Алматы) - Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.

  • 1913 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Әйелі Мәриям – белгілі қазақ заңгері Жансұлтан Сейдалиннің қызы.
  • Жанайдаров университетті бітіргеннен кейін Ресейдің Витебск губерниясында қаржы саласының тексерушісі болып қызмет атқарған.[1]
  • М.Дулатов, Мұстафа Шоқай, А.Бірімжановтармен бірге Ресейдегі Ақпан, Қазан төңкерістері қарсаңында қазақ даласында етек алған ұлттық-демокр. қозғалысқа белсене араласқан.
  • 1916 жылы Витебскіден елге оралып, Атбасар қаласында салық инспекторы болып қызмет істейді.
  • 1916 жылы майдан жұмысына алынған қазақ жастарына көмек көрсету ісіне ат салысқан.
  • 1917 жылы шілдеде Орынборда өткен 1-жалпықазақ съезіне Ақмола облысынан делегат болып қатысты.
  • 1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбордағы 2-жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда үкіметі мүшелігіне сайланды.
  • 1918 жылы Ә.Бөкейхановтың жарлығымен Ақмола облысының соты болып тағайындалды.
  • Қазақ автон. республикасы құрылғаннан кейін Орынбордағы респ. қаржы халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссарының орынбасары, халық комиссары болып қызмет істеген.
  • Астана Қызылордаға көшірілгенде Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін басқарды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9