Сейтек Оразалыұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Сейтек Оразалыұлы
Дүниеге келгені: 1861
Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы
Қайтыс болғаны: 1939
Мансабы: күйші-композитор

Сейтек Оразалыұлы (18611939 жж.) – күйші - композитор.[1]

  • 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген. Көрнекті күйші-композитор, өзіндік домбыра мектебінің негізін қалаушы.
  • Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болады. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Мұнан соң Дәулеткерейдің күйлерін тыңдап, өнерпаздық қазынасын молайтып отырды.
  • Сейтек Оразалыүлы жас кезінде шығармаларындағы бостандық сүйгіш идеялары үшін патша өкіметі тарапынан талай қуғын-сүргінге ұшырады. Өмірінің біраз жылын Орда, Үркіт, Астрахань, Мәскеу түрмелерінде өткізеді.
  • 1897 жылы Сахалинге саяси түтқын ретінде жер аударылады. Оған орыстың революцияшыл жүмысшыларымен байланысты болды деген айып тағылады. Осы кезеңдегі күйлері: "Түңілдім", "Арман", "Айдау".
  • 1905 жылы айдаудан оралғаннан кейін, Сейтек абзал анасы, туған баласы, жан жолдасының қазасын естіп, "Ғазиз", "Жоқтау", "Сардала" күйлерін шығарады.
  • 1916 жылы патшалық Ресейдің езушілік саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін "16-жыл" күйінде Сейтектің әлеуметтік көзқарасы танылады.
  • 1917 жылғы Қазан төңкерісін "Партсъезд", "17-жыл", "Бостандық" күйлерінде жырлады. Сейтек Кеңес әкелген жаңалықтарға белсене араласты. Орда ауданының Шонай ауылы кедейлерінің комитетінде мүше болып, алдыңғы қатарда жүрді.

Сейтектің "Арпалыс", "Айман", "Шәрипа", "Қарашаш", "Бес қыз", "Көк ала ат" және басқа туындылары Қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрі репертуарынан орын алды.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2