Сақал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сақал

Сақалеркек адамның иегі мен жағына шығатын түк.

«Қара шал сақалы шошаңдап, еңіреп қоя берді» (Н. Сералиев, Ыстық күлше).

Қолда бар тіл деректеріне қарағанда, сөз төркіні түркі, Моңғол тілдеріне ортақ екендігі байқалады. Алтай тілінің тубакижи диалектісінде «саак» сөзі «жүн» мағынасында қолданылса, якут Э.Пекерский жасаған сөздігінде, «сохсох»—«жүндес» мағынасына нүсқайды. Дәл осындай мағынаны Моңғол тілінде «сахлаг» сезі бере алады. Моңғол тілінде де иек астына өсетін түкті, «сахал» сөзі ұғындырса, мұның өзі де оның ертеде «жүн» мағынасын берген «сах» түбірінен өрбігендігін анықтауға себепші. Бір қызығы қалмақ тілінде «сахл» дыбыстық құрамдағы тұлға «мұрт» мағынасында қолданылады. Бұл деректер сөздің алғашқы тұлғасы «сақ» болып, кейінгі кездерде оған -ал қосымшасының жалғануы арқылы «сақал» сөзі туындап, Моңғол тілдеріндегі қазіргі мағынаны меншіктенгенін ашып беріп отыр.[1]

Сақал түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Атасақал - иек үсті, ерін астындағы ойыққа шыққан шоқ сақал;
  • Күйек сақал - қаба сақалдан да үлкен, кеудені жауып тұрған жалпақ келген сақал;
  • Көбе сақал - ауыз айналасына мұртпен жалғаса қойылған сақал;
  • Көксақал - қырып тастағанда орны көгеріп тұратын сақал;
  • Бурыл сақал - өң-түсіне байланысты ағара бастаған сақал;
  • Қауға сақал - иек астынан өсірілсе де кеудені түгел жапкан ұзын, жалпақ сақал;
  • Селдір сақал - тығыз емес, туктерінің арасы ашық сақал;
  • Теке сақал - жіңішке, ұзын әрі селдір сақал;
  • Шоқша сақал - ұзындыгы терт елі шамасында ғана болатын шағын, ұкыпты сақал.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том. 132-бет. «Азия Арна» баспасы. Алматы, 2014