Сағид Рауфұлы Рафиков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сағид Рауфұлы Рафиков (19.4.1912, Ресей, Башқұртстан, Дюртюли ауданы Камшево ауылы – 19.1.1992, Мәскеу қ.) – химия ғылымының докторы (1948), профессор (1951), Қазақстан Ғылым Академиясының академик (1962), КСРО Ғылым Академияның корресподент мүшесі (1970).

  • 1937 Қазақ химия-технологиялар инситутын бітірген (1937).
  • 1938-1948 КСРО Ғылым Академиясының Органикалық химия институтында аға ғылыми қызметкер
  • 1948-1954 1963–1967 Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институында лаборатория меңгерушісі
  • 1949-1951 Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі (1949–1951),
  • 1951 профессор
  • 1952-1954 1964-1967 ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) профессор
  • 1967-1984 КСРО Ғылым Академиясының Элемент органикалық химия инситутында аға ғылыми қызметкер және КСРО ғылым академиясының Башқұрт бөлімшесі төралқасының төрағасы (1967–1984)
  • 1968-1970 Башқұрт бөлімшесі Хим. ин-тының директоры
  • 1984-1987 КСРО ғылым академиясының Тарих, жаратылыстану және техникалық институтында аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеген.

Ғылыми жұмыстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Исследование в области поликонденсации» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Рафиковтың негізгі ғыл. еңбектері полимерлер химиясына арналған. 860-тан астам ғыл. жарияланымның авторы.

Марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еңбек Қызыл Ту (1975), Халықтар достығы (1982) ордендерімен және медальдармен марапатталған.[1]

Пайдаланылған әдебиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>


  1. "Қазақ энциклопедиясы"