Сағат Еңсегенұлы
Сағат Еңсегенұлы - 1958 жылы 26 қыркүйекте Ақтөбе облысы Сарыбие ауданы Қараой ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Тілеумағанбетов Еңсеген. Анасы - Тілеумағанбетова Шәршаған. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
Хронологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Алматы халық шаруашылығы институтының қаржы-кредит факультетін (1985) экономист мамандығы бойынша,
- Атырау мұнай және газ институтының экономика факультетін (2005) экономика магистрі болып бітірген.
- 1976-1977 жылдары - Ақтөбе облысы Жекенді кеңшарында қурылысшы.
- 1985 жылдан - Ырғыз аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бюджет инспекциясының бастығы.
- 1989 жылдан - облыстық қаржы басқармасының Басқару және әлеуметтік даму аппараты қаржы бөлімі бастығының орынбасары.
- 1990 жылдан - облыстық қаржы басқармасының Басқару және әлеуметтік даму аппараты қаржы бөлімінің бастығы.
- 1992 жылдан - Ақтөбе қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы.
- 1995 жылдан - Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі.
- 2002 жылдан - Атырау қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2004 жылдан бері - Ақтөбе облысы қаржы департаментінің директоры.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Ақтөбе» футбол клубының президенті (2004).
- футбол бойынша Қазақстан чемпионы (2005, 2007-2009);
- футбол бойынша Қазақстан бәйгесінің (2008);
- футбол бойынша Қазақстан суперкубогының иегері (2008, 2010);
- футбол бойынша ТМД және Балтық елдерінің Достастық чемпиондары бәйгөсінің мәрегері (2009-2010).
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
- «Астананың 10 жылдығы» (2008),
- «Ерен еңбегі үшін» (2008) медальдарымен; ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 10 жылдығына арналған белгісімен (2008) марапатталған.
Діни көзқарасы - консервативтік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы:
«Ол өзінің маңдайтері төгілген жерді сүйетін қайратты да жігерлі тұлға болып қана қоймай, тыңцаушысын тәнті ететін шешен, сонымен қатар зиялы, биязы және шамасы келгенше қулықтан ада, шешімшіл, серпінді, ақыл-ойы озық, иланымды адам болуға тиіс. Табысты саясаткерге көпшілік алдында шектен тыс шамырқанушылық пен томаға-тұйықтық жат».
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан экономика саласында әлемдегі лидерлердің бірі болады». Хоббиі - футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - Көркем әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Манапбаева Дина Моқушқызы (1958 жылы туған), «Жарық» АЭМК» ЖШС экономисі. ¥лы - Еңсегенов Махамбет Сағатүлы (1984 жылы туған), қыздары - Еңсегенова Әсөм Сағатқызы (1988 жылы туған), Ләззат Сағатқызы (1996 жылы туған). Немересі - Сағатова Алуа Махамбетқызы (2008 жылы туған).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |