Сафие сұлтан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сафие сұлтан
түр. Safiye Sultan
осман: صفیه سلطان
Лауазымы
Уәлиде сұлтан
15 қаңтар 1595 - 22 желтоқсан 1603
Монарх III Мехмет
Ізашары Нұрбану сұлтан
Ізбасары Хандан сұлтан
Өмірбаяны
Діні христиандықислам
Дүниеге келуі 1550 (1550)
Албания
Қайтыс болуы 1618/1619
Эдирне, Осман империясы
Жерленді Айя София, Ыстанбұл
Жұбайы III Мұрат
Балалары Ұлдары: Махмұт, III Мехмет;
Қыздары: Айша сұлтан,
Фатима сұлтан

Сафие сұлтан (түр. Safiye Sultan) — III Мұраттың әйелі (хасеки сұлтан), III Мехметтің анасы (уәлиде сұлтан).

I Сүлеймен мен Хүррем сұлтанның қызы Михримах сұлтан қызды 1563 жылы болашақ сұлтан III Мұратқа сыйға тартты. Он үш жасында сұлтан гареміне түсіп, "Сафие" деген есім алады. 1566 жылы Сафие бірінші ұлын - болашақ сұлтан III Мехметті туады.

1595 жылы III Мұраттың өлімінен кейін, Сафие сұлтан ұлы III Мехмет тұсында уәлиде сұлтан атанды, үлкен билік пен табысқа ие болды. 1603 жылдың желтоқсанында III Мехмет қайтыс болып, таққа оның ұлы I Ахмет отырды. Ол Сафиені билігінен айыру үшін 1604 жылдың қаңтарында Ескі сарайға жібереді. Сафие сұлтан Айя София мешітінде жерленді.

Сыртқы саясат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сафие Венеция және Англия елдерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Ол I Елизаветамен хат алмасып тұрғаны белгілі.