Салда (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Салда
түр. Salda Gölü
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі1165 м
Өлшемі8 × 6 км
Ауданы45 км²
Тереңдігі184 м
Су алабы
Суды жинау ауданы147,6 км²
Орналасуы
37°33′04″ с. е. 29°41′05″ ш. б. / 37.551° с. е. 29.6847° ш. б. / 37.551; 29.6847 (G) (O) (Я)Координаттар: 37°33′04″ с. е. 29°41′05″ ш. б. / 37.551° с. е. 29.6847° ш. б. / 37.551; 29.6847 (G) (O) (Я) (T)
Ел Түркия
АймақБурдур
Салда (көл) (Түркия)
Салда
Салда Ортаққорда

Салда (түр. Salda Gölü) — Түркияның оңтүстік-батысында орналасқан кратер көлі.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Салда көлі - сөнген жанартаудың кратерінде пайда болған табиғи су қоймасы. Ерекше ландшафтпен ерекшеленетін және елдің табиғи көрікті жері болып саналады. Судың құрамында гидромагнезит болуына байланысты ол теңіз толқындарының түсін еске түсіретін реңге ие. Осындай әдемі көрініс үшін ел тұрғындары бұл ауданды «Түрік Мальдивтері» деп атайды. Көл ауқымы үлкен емес, 44 км2 құрайды. Тереңдігі шамамен 184 метр, Түркиядағы ең терең тұщы көл болып саналады. Тереңдік жағадан 30-50 метр қашықтықта басталады. Судың температурасы жазда, тіпті ең ыстық күнде де 18-20 градус болады.

Салда көлінің жағалауы құрамында магнийі бар емдік балшықтың шөгінділеріне бай. Балшық күкіртсутекті болғандықтан иісі жағымсыз, бірақ тері аурулары мен тірек-қимыл жүйесі аурулары үшін өте пайдалы. Көл табиғи қорғалатын аймақ мәртебесіне ие, әлемдегі ең таза бес көлдің бірі болып санаалады.[1]

Жыл сайын табиғаттың осы кереметін көруге ниет білдірушілер саны артып келеді, 2019 жылдың 1-ші жартысында көлге 600 мың адам барған, бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 1 миллионға дейін өседі. Көлді өзінің бастапқы түрінде сақтау үшін Түркияның табиғатты қорғау қауымдастығы оның жағалау бойымен аяқ киіммен жүруге тыйым салуды ойластыруда.[2]

Бұл жерден шілдерді, түлкілерді, қояндарды кездестіруге болады. Көлде сонымен қатар әртүрлі тіршілік иелерінің мекен етеді. Бұл жерде су жыландары, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Су астында тыныс ала алмауына байланысты олар мезгіл-мезгіл жер бетіне шығады. Жыландардың ұзындығы 10-нан 40 сантиметрге дейін болады.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://info-turk.ru/antaliya/interesnye-mesta/ozero-salda/ Озеро Салда в Турции: где находятся турецкие Мальдивы, экскурсии, погода, отзывы
  2. https://otzovik.com/review_10985521.html Экскурсия на озеро "Салда" (Турция)
  3. https://www.tourister.ru/world/asia/turkey/city/burdur/lakes/33385 Озеро Салда