Сайрагүл Ербосынқызы Нұрсұлтанова
Сайрагүл Ербосынқызы Нұрсұлтанова | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
24.5.1952 Алматы |
Мансабы: | балерина |
Сайрагүл Ербосынқызы Нұрсұлтанова (24.05.1952, Алматы) – балерина, Қазақстанның халық артисі (1990).
1968 жылы Алматы хореография училищесін (профессор Б.Ғ. Аюханов және Р.М. Көрпешованың жетекшілігімен) бітірді.
1968 – 93 жылы “Алматының жас балеті” (қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі) ансамблі құрамында қызмет етіп, Қыз Жібек(Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек”), Қарашаш (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”), Гертруда (А.П. Исакова, “Гамлет”), Татьяна (П.И. Чайковский, “Татьяна Ларина”), т.б. партияларды орындады.
1993 жылдан Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театры труппасында биші әрі “Гүлдер” эстрада жастар ансамблі құрамында педагог-репетитор ретінде (шәкірттері Л.Әлпиева, Г.Тұтқыбаева, т.б.) қызмет етеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 24 мамырда туғандар
- 1952 жылы туғандар
- Алматыда туғандар
- Қазақстан балет әртістері
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Алматы хореография училищесі түлектері
- Қазақ мемлекеттік академиялық классикалық би ансамблі тұлғалары
- Гүлдер ансамблі тұлғалары
- Қазақ опера және балет театры тұлғалары