Сага

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Жер туралы кітап», 1688 г.

Сага (көне скандинавияша «saga» - айту, баяндау) — көне исландиялықтардың прозалық хикаялары. 12 ғ-дың 2-ші жартысынан бастап қағаз бетіне түсіріледі. Олардың ең таңдаулысы - «исланд сагалары» немесе «исландықтар туралы сага» деп аталады[1].

Ағылшын жазушысы Дж.Голсуорси өзінің көп томдық романын «Форсайттар туралы сага» деп атады.

Норвегия жазушысы Сигрид Унсенттің сага түрінде жазылған «Вига Льот және Выгдыс» атты шығармасы бар[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Исландские саги / Под ред. М. И. Стеблин-Каменского. — М., 1956
  2. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 9 том, 604 бет