Сабор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сабор (серб-хорваттық) — кейбір оңтүстік славян халықтарындағы өкілдік орган. Алғаш рет Солтүстік Хорватияда 1273 жылы, Оңтүстік Хорватияда 14 ғасырда шақырылды. Саборға ақсүйектер, дворяндар, дін иелері, ерікті корольдық қалалардың өкілдері енді. Саборды бан басқарды. Онда ішкі саясат мәселелері қаралды. Сабор 3 жылда бір рет (1887 жылдан —5 жылға) шақырылып тұрды. 1848 жылдан Сабор сословиелік сипатын жоғалтты, бірақ ақсүйектер мен шіркеу шонжарлары жеке өкілдік правосын сақтап қалды. Далмацияда алғаш рет Сабор 1861 ж. шақырылды. Сабор 1918 жылы 1 желтоқсанда таратылды. Хорватия Социалистік Республикасында Сабор парламент деп аталады.

Хорваттардың отырысы

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том