Ромелу Лукаку

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ромелу Лукаку Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Ромелу Менама Лукаку Болинголи[1]

Туған күні

13 мамыр 1993 (1993-05-13) (31 жас)

Туған жері

Антверпен, Бельгия

Азаматтығы

 Бельгия

Бойы

191 см[2]

Салмағы

103 кг[2]

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Челси

Номері

9

Клуб карьерасы[* 1]
2009—2011 Бельгия Андерлехт 73 (33)
2011—2014 Англия Челси 10 (0)
2012—2013   Англия Вест Бромвич Альбион 35 (17)
2013—2014   Англия Эвертон 31 (15)
2014—2017 Англия Эвертон 110 (53)
2017—2019 Англия Манчестер Юнайтед 66 (28)
2019—2021 Италия Интернационале 72 (47)
2021— Англия Челси 24 (7)
Ұлттық құрамы[* 2]
2008 Бельгия Бельгия-15 4 (1)
2011 Бельгия Бельгия-18 1 (0)
2009 Бельгия Бельгия-21 5 (1)
2010—  Бельгия 101 (68)
Марапаттары мен медальдары
Әлем Чемпионаты
Қола Ресей 2018 футболдан
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Ромелу Менама Лукаку Болинголи (нидер. Romelu Menama Lukaku Bolingoli; 1993 жылы 13 мамырда туған, Антверпен, Бельгия) — бельгиялық футболшы, "Челси" клубы мен Бельгия Ұлттық футбол құрамасының шабуылдаушысы. Бельгия құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардирі.

Жастардың «Брюссель» командасында өнер көрсетіп, Ромелу 68 матчта 68 гол соқты. 2006 жылдан 2009 жылға дейін Ромелу жастар клубы «Андерлехта» өнер көрсетіп, 88 матчта 121 гол соқты. 15 жасында Ромелу 17 матчта 26 голды өзінен 4 жасқа үлкендірдің қатарында ойнап жүріп соқты. Жас бельгиялық дарынның ойыны көптеген европалық клубтарды қызықтырды, оның ішінде «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Милан» және «Арсенал».

Лукаку Бельгияның жоғарғы дивизионында алғаш рет 2009 жылы 24 мамырда «Стандард» клубына қарсы ойнады. 11 күннен кейін алғаш 2012 жылға дейінгі профессиональді контрактына қол қойды. Алғаш голын «Зюлте-Варегем» клубына қарсы соқты.

2011 жылы 6 тамызда «Челсидің» ресми сайтында «Андерлехтпен» ойыншының көшуі туралы келісімге келгені жарияланды. «Челсида» Ромелуге 18 нөмер берілді.

2012 жылы 10 тамызда Лукаку «Вест Бромвич Альбион» клубына жалға 2012/13 маусымға берілді. Онда 38 ойын ойнап, 17 гол соқты.

2013/14 маусымда Лукаку «Челсидің» сатында бастады. Алайда 2013 жылы 30 тамызда өткен УЕФА Суперкубогінің финалында шешуші пенальтиді соға алмай, «Эвертонға» жалға берілді. Алғаш матчын 2013 жылы 21 қыркүйекте алаңға шығып, Вест Хэмнің қақпасына шешуші гол соғып, командасына жеңіс әкелді. 30 қыркүйекте Гудинсон Паркіндегі алғаш ойының «Ньюкаслға» қарсы өткізіп, дуль жасап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. 2013 жылы 23 қарашада Лукаку екінші дубльін «Ливерпуль» командасына қарсы соқты. Маусымның аяғында Лукаку 15 гол соғып, «Эвертонның» маусымдағы үздік бомбардирі атанды.

2014 жылы 30 шілдеде «Эвертон» Лукакудың ресми көшкені жайлы жариялады. Трансфер құны 28 млн. фунт болып, Лукаку 5 жылдық контракка қол қойды.

2017 жылы Манчестер Юнайтедтің ойыншысы болды, трансферге 75 миллион фунт төленді.

2019 жылы "Интернационалға" 74 млн фунтқа ауысты.

2021 жылы ол Челсиге қайта оралды, трансфер құны рекордтық 97,5 миллион фунтты құрады[3][4].

Ұлттық құрамада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғаш рет ұлттық құрамасы үшін Хорватияға қарсы 2010 жылы 3 наурызда ойнады. 17 қарашада Ресейге қарсы матчта 2 голдың авторы атанды. 2014 жылы 26 мамырда Люксембург құрамасына қарсы хет-трик жасап, командасына 5:1 есебімен жеңуге көмектесті.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Андерлехт»
  • Бельгия чемпионы: 2009/10
«Челси»
  • Англия кубогының иегері: 2011/12
«Интернационале»
  • Италия чемипоны: 2020/21
Бельгия құрамасы
  • Әлем Чемпионатының қола жүлдегері: 2018
  • Бельгиялық про-лиганың үздік бомбардирі: 2009/10
  • Бельгиялық про-лиганың үздік қара ойыншысы: 2009/10

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]