Республика сарайы (Алматы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Республика сарайы
Жалпы мәлімет
Орналасқан қала

Алматы

Мемлекет

 Қазақстан

Ашылған уақыты

1970

Жөнделген уақыты

2011

Дизайны мен құрылымы
Сәулетшісі

В. Алле, В. Ким, Ю. Ратушный, Н. Рипинский, А. Соколов, Л. Ухоботов

Картада орналасуы
Республика сарайы (Қазақстан)
Республика сарайы

Координаттар: 43°14′35″ с. е. 76°57′34″ ш. б. / 43.24306° с. е. 76.95944° ш. б. / 43.24306; 76.95944 (G) (O) (Я)

Республика сарайыАлматы қаласында орналасқан мәдени орталық ғимараты. 2008 жылы 21 наурызда "Республикалық маңызы бар тарих, мәдениет, қала құрылысы және архитерктуралық ескерткіші" мәртебесі берілген.

Ғимарат 1970 жылы В.Лениннің 100 жылдығы қарсаңында ашылып, Кеңестік компартия көсемінің есімі берілді. Сәулетшілері - В. Алле, В. Ким, Ю. Ратушный, Н. Рипинский, А. Соколов, Л. Ухоботов және тағы басқалары 1971 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш сайланған президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне кірісуіне байланысты ұлықтау рәсімі өтті. Осы жылы ғимараттың атауы "Республика Сарайы" деп өзгертілді.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Республика Сарайы ғимараты Алматы қаласының Абай мен Достық даңғылдарының қиы­лы­сында, Абай даңғылын тұйықтай орналасқан. Ғимарат алдында Абай алаңы бар, мұнда 1960 жылы Абай ескерткіші орнатылды. Төңірегіне шоғырланған ірі ғимараттар бірыңғай архитектуралық ансамбль құрайды.

Ғимарат аумағы 10 мың м², көлемдік композиция құрылымы 8 темір-бетон тірекке иек артқан алып қайқы шатырдан және астыңғы шаршы бөлігінен тұрады. Вестибюль мен фойенің тас баспалдақ арқылы ғимарат алдындағы серуен алаңымен жалғасуы перспективалық ұласымдылық туғызады. Сарайдың негізгі композициялық кіндігіне 3000 орынды көрермендер залы орналасқан. Зал орындары тұтас амфитеатр түрінде шешім тапқан. Сахнасы (ені 48 м, төрі 18 м) және залы күрделі инженерлік тетіктермен жабдықталған. Қабырғаларының төбемен ұласар жері ашық қалдырылғандықтан, шатыр еңсесі көкте қалқып тұрғандай әсер береді. Еңселі фойе (биіктігі 13 м) төбесіндегі ақшаңқан шамдар интерьерді көріктендіре түседі. Ғимарат астынан ағып өтетін табиғи өзен суы ауаны тазартып тұратын қосымша желдеткішке айналған. Сарайдың экстерьері мен интерьерінде ақ мәрмәр, ағаштың бағалы түрлері, Маңғыстау ұлутасы, алюминий құйма пайдаланылды. [1]

2010 - 2011 жылдары күрделі жөндеу жүргізілді. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]