Рашида Ғалиақбарқызы Хаджиева

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Рашида Ғалиақбарқызы Хаджиева
Жалпы мағлұмат
Туған күні

21 қараша 1948 (1948-11-21) (75 жас)

Туған жері

Ақмолинск, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

 Қазақстан

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1972 жылдан бері

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Рашида Ғалиақбарқызы Хаджиева (21 қараша 1948 жыл, Астанада туған) — қазақстандық актриса, Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі (1987), Құрмет орденінің иегері (2012) және Қазақстан Білім беру ісінің үздігі.

Хаджиеваның ұлты қазақ. Әкесі — Әлқұлов Ғалиақбар, марқұм, қаржы инспекторы болып жұмыс жасаған. Анасы — Әлқұлова Бәден, марқұм, үй шаруасында болған.КСРО Ленин орденді Мемлекеттік академиялық Кіші театры жанындағы М.С. Щепкин атындағы Мәскеу театр училищесінің актерлік факультетін бітірген (Мәскеу, 1972).

1972 жылдан — Торғай музыкалық драма театрында актриса. 1976 жылдан — Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында актриса. 1983 жылдан Жезқазған драма театрында актриса.

1996 жылдан бері — труппа меңгерушісі, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса. «Махаббат дастаны» (Мақпал), «Күйеуіңізді сатыңызшы» (Елена), «Қамар сұлу» (Гүлжан), «Қош, махаббат!» (Сәлима), «Үлкен әкпе» (Қамажай), «Ескі үймен қоштасу» (Назгүл), «Мәңгілік бала бейне» (Қатша, Үзынғайша), «Ромео и Джульетта» (Капулетти), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» (Бәйбіше), «Қара кемпір» (Қара кемпір) қойылымдарында рөлдерде ойнайды.

Діни көзқарасы — мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Жақсару». Хоббиі - кітап оқу. Тұрмыс құрған. Жұбайы — Жанат Әубәкірұлы Хаджиев (1949 жылы туған), Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері.[1]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2