Рациовитализм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рациовитализм - [лат. ratio vitalis; грек. Logos zoe] - алғаш рет испан философы әрі эссеисті Хосе Ортега-и-Гассеттің (1883-1955) "Дон-Кихоттың толғауы" (1915) кітабында қолданылған ұғым.

Ортега-и-Гассет феноменологиялық әдістің көмегімен "ақыл" және "өмір" ұғымдарының мәнін ашуға талпынды. Оның ойынша, теориялық көзқарас - ол тек ақылға емес, өмірге артықшылық беретін витализмнің (өмірлік кешеннің) көпқырлылығының келешегі ғана. Ол шынайылықты келесідей бірегейлендіреді: "менің өмірім" - ол "мен" және "менің жағдайларымның" мәні. XIX ғ. ақылды өмірге қарсы тұратын бастау ретінде қарайды. Бұл күресте шындық тікелей өмірмен, оның қозғаушы және талпыныс, құштарлық күшімен байланысты. Бірқатар тұжырымдар (олардың ішінде, мысалы, прагматизм) ақылдың прагматикалық табиғаты жайлы көзқарасты қалыптастырады: соңғысы табиғаттың негізінде иррационалды күштердің орнын толтырушы ретінде көрінеді (бұл А.Шопенгауэрдің тұжырымдамасы, Ф. Ницшенің ақылы жайлы). Ортега-и-Гассет өзінің "Тарих жүйе ретінде" (1961) атты кітабында дуализм ретінде ақыл мен өмір арасындағы, саналы мен санасыздың арасындағы қатынас біздің дәуіріміздің өзекті мәселесіне айналып отыр деді. Бұл талдау Германияда, Испанияда, Францияда және Италияда кеңінен танымал болды. Ортега-и-Гассеттің рациовитализм теориясы Мари Замбраноның және Хавьер Зубиридің, сондай-ақ неміс философы X. Гадамердің философиялық көзқарастарына елеулі ықпал етті.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3