Рахман
Рахман[1] — Алланың бір есімі. Ерекше мейірімді, рахымды деген мағына береді. Мұхаммед пайғамбар хадисінде “Алла жерді жүз рақымымен жаратқан, жүз рақымының біреуі жер бетінде, сол рақымының шарапатымен аң төліне, ана баласына рақым қылады” дейді. Сондай-ақ тәпсіршілер Фатиха сүресінде ар-рахманир рахими деген сипаты жеке аят болып келуінің астарында Алланың ерекше мейірімділігі, рақымдылығы баяндалған деп түсіндіреді. Ислам дінінде Құранның түсуі, Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) келуі, шариаттың кемелденуі — Алланың рахымы деп есептеледі. Сондай-ақ Алланың жер бетінде жасап тұрған мейірім шапағатына, рақым әсеріне назар салу, жануарларға, қоршаған ортаға мейірімді болу әрбір мұсылманның парызы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақша энциклопедия 7 том
Толықтыру
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |